Page 139 -
P. 139

3-тапсырма     Барыс – мысықтар тұқымдасына жататын ірі жыртқыш сүтқоректі жануар. Ғалымдардың баға-
          лауы бойынша, Қазақстанда олардың саны 130 дарадан артық емес. Барысты жойғаны үшін жауапкершілік алу
          туралы ескерту дайында. Сирек кездесетін жануарларды сақтау үшін мемлекет қандай шаралар қабылдайды?

          Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар
                  textbooks nis edu kz
             10 мемлекеттік табиғи қорық, 12 мемлекеттік ұлттық табиғи саябақ және 50 мемле-
          кеттік қорықша мемлекеттің қорғауына алынған.

          4-тапсырма     Бейнематериалдарды, анықтамалық әдебиеттерді және интернет-ресурстарды пайдаланып,
          Қазақстанның қорықтарын зертте. Жоспарға сәйкес ақпаратты баянда:
             • қорықтың географиялық орналасуы, климаттық факторлары;
             • экожүйелер: жағалау, сулы-батпақты жерлер, ормандар, далалар және т.б.;
             • қорғалатын өсімдіктер, жануарлар;
             • қорықтағы эндемиктер;
             • қызықты деректер.
          Қорытынды шығар: Адамның іс-әрекеті қорықтың түр санын азайтатын факторлардың бірі болып табылады
          деген оймен келісесің бе? Адам іс-әрекеттерінің жабайы жануарлар мен өсімдіктердің сақталуына оң немесе
          теріс әсері туралы қорытынды жаса.

          5-тапсырма     Дүниежүзілік тұқым қоры – бүкіл әлемнің негізгі ауыл
          шаруашылығы дақылдары тұқымдарының үлгілерін қауіпсіз сақтау
          мақсатында құрылған туннельді қойма. Ол Норвегиядағы Шпицберген
          аралында орналасқан. Төменгі температура мен ылғалдылық деңгейі
          4,5 миллион тұқым үлгілерін бірнеше ғасыр бойы сақтауды қамтамасыз
          етеді. Сыныптастарыңмен бірге Дүниежүзілік тұқым қорының идеясын
          талқыла. Ол бізге қажет пе? Барлық артықшылықтар мен кемшіліктерді
          қарастыр. Жауаптарыңа дәлелдер келтір.



           Өзіңді тексер
           1.   Қазақстанда ерекше қорғалатын табиғи аумақтар қандай мақсатпен құрылған? Олардың арасындағы
               айырмашылықты түсіндір.
           2.  Жануарлар мен өсімдіктердің сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген түрлерін сақтауда
               Қызыл кітаптың рөлін бағала.
           3.  Биоалуантүрлілікті сақтауға ықпал ететін факторларды таңда:
               - қоршаған ортаның ластануы;
               - қорықтарды құру;
               - табиғи мекендеу орындарын жою;
               - Қызыл кітапты шығару;
               - халықтың өсуі және ресурстардың тұтынылуы;
               - мемлекеттің табиғатты қорғау саясаты;
               - оқушылардың экологиялық тәрбиесі;
               - браконьерлік (қаскерлік).
           4.  Қызғалдақ Қазақстанда көктем нышаны болып табылады. Өкінішке орай, олар әдемі шоқ гүлдерін
               жасау, сату мақсатында аяусыз жұлынады. Гүлдеу кезеңінде өсімдіктерді жаппай жинаудың салдары
               қандай?


          Күрделілігі жоғары тапсырма      «Ал егер табиғатта … жойылып кетсе...» жобасын дайындауға қатыс. Қо-
          рытынды жаса: егер белгілі бір ағза жойылып кетсе, табиғи тепе-теңдік бұзыла ма?




                                                                                                        139
   134   135   136   137   138   139   140   141   142   143   144