Page 140 -
P. 140

11.7   Мен – экологпын



                Адамзат қарқынды дамып келеді. Адамзаттың технология-
                                                                                  Ғарышкерлердің айтуын-
            ны дамытуымен бірге табиғи ресурстарды тұтынуы да артуда.             ша, ғарыштан қарағанда
                  textbooks nis edu kz
            Даму қарқыны табиғи ресурстарды өндіруді ұлғайтуға және               көрікті жерлермен салыс-
            өнеркәсіп орындарының белсенді жұмысына алып келеді.                  тырғанда, үлкен қоқыс тө-
            Мұндай қызмет қоршаған ортаның жай-күйіне әсер етеді                  гетін жерлер көзге оңайы-
            және дайындалған мамандардың осы мәселелерді шешуге                   рақ түседі. Ойланып, жауап
                                                                                  бер: Бұл пікірде қандай
            қатысуын талап етеді.
                                                                                  мәселе көтеріледі? «Эколо-
            Эколог деген кім?                                                     гиялық ойлау» сөз тіркесін
                                                                                  қалай түсінесің? Ғалам-
                Эколог (инженер-эколог) – адам іс-әрекетінің табиғатқа            шарымыздың болашағына
            теріс әсерін азайту жөніндегі шараларды талдау, болжау                тек эколог мамандар ғана
            және әзірлеу жөніндегі маман. Ол экологиялық мәселе-                  жауапкершілікті сезінуі
                                                                                  тиіс пе?
            лердің себептерін анықтайды және оларды жоюға бағыт-
            талған іс-шараларды әзірлейді.
            Эколог:

                •  экологиялық заңнамаларға, стандарттар мен норма-
            тивтерге талдау жасай алуы;
                • жаратылыстану ғылымдары саласындағы, қоршаған
            орта туралы білімді меңгеруі;
                • экологиялық сараптама жүргізу тәртібін білуі;
                • компьютерлік модельдеу дағдыларына және т.б. дағдыларға ие болуы керек.




              Эколог-маман қайда жұмыс істей алады?

                   Мемлекеттік құрылымдар, бақылау және қадағалау мекемелері.



                   Кәсіпорындардағы экологиялық құрылымдар.


                   Зерттеу зертханалары.


                   Табиғат қорғау ұйымдары.




                Экология мәселелері дәл қазір ерекше өзектілікке ие болды, себебі адамның табиғатқа
            зиянды әсері жаһандық ауқымға ие болып отыр.
                Егер тиісті шаралар қабылдамаса, адамзат өзінің өмір сүруіне қауіп төндіреді. Сондықтан
            эколог мамандығы сұранысқа ие болып келеді. Өйткені экологияны қадағалау адамзат пен
            бүкіл тіршілікті жоғалудан құтқарумен тең. Бұл тіпті мамандық емес, бұл – миссия!


             140
   135   136   137   138   139   140   141   142   143   144   145