Page 138 -
P. 138

11.6   Биологиялық алуантүрлілікті сақтау және қолдау



            Неліктен биоалуантүрлілікті                                           Неліктен жеке популя-
            сақтау керек?                                                         циялар мен түрлерді
                  textbooks nis edu kz
                                                                                  сақтағаннан гөрі толық
                Биоалуантүрлілік – Жердегі тірі ағзалардың саны мен               экожүйені сақтау маңыз-
            әртүрлілігі. Биологиялық алуантүрліліктің азаюы (жануарлар,           ды екенін ойланып көр.
            өсімдіктер, микроағзалар және т.б. саны) экожүйенің тұрақ-
            сыз болуына және жойылуына әкеледі. Ал бұл жағдайды
            болдырмау үшін, адам түрлік алуантүрлілікті сақтау керек                           Экожүйелердің
                                                                                               алуантүрлілігі
            – антропогендік факторлардың әсерін азай тып, қорықтар
            мен қорықшаларды ұйымдастыруы тиіс.                                                 Түрлік
                                                                                                алуантүрлілік
                Біріккен Ұлттар Ұйымы 22 мамырды Халықаралық био-
            логиялық алуантүрлілік күні деп жариялады.                                            Генетикалық
                                                                                                  алуантүрлілік
             1-тапсырма     Ұсынылған өсімдіктер мен жануарлар тізімінен жойылу
            қаупі төніп тұрғандарын таңда. Олардың қайсысын өзің тұратын ай-      Тірек сөздер
            мақта кездестіруге болады? Олардың санының азаюына не себеп бол-
            ды? Табиғат пен адам үшін бұл тірі ағзалардың жойылуының салдары      Биоалуантүрлілік, Қызыл кітап,
            қандай болуы мүмкін? Оларды қорғау және қалпына келтіру жөнінде       қорық, қорықша, табиғат сая-
            шараларды ұсын.                                                       бағы, Дүниежүзілік тұқым қоры.














                    Сиверс алмасы                     Қызғылт қоқиқаз                    Дала қасқыры


            Өсімдіктер мен жануарлар Қызыл кітаптың
            беттерінде неліктен пайда болады?
                Өмір бойы адамзат қоршаған ортаға белсенді өзгерістер
            енгізді және басқа ағзалардың тіршілік ету жағдайларын өз-
            гертті. Бұл өсімдіктер мен жануарлардың кейбір түрлерінің
            жойылу шегіне жеткізді.
                Қызыл кітап – саңырауқұлақтар, өсімдіктер, жануарлар-
            дың сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлерінің
            тізімін қамтитын мемлекеттік құжат. Қазақстанның Қызыл
            кітабының соңғы, үшінші басылымы 1999 жылы жарық көрді.

             2-тапсырма    Қалай ойлайсың, бұл кітапты неге Қызыл кітап деп атады?
            Қандай себептермен ол қайта басылып шығарылады?




             138
   133   134   135   136   137   138   139   140   141   142   143