Page 69 -
P. 69
Сынық ашық болғанда зақымдалған
сүйектердің өткір жиектері жарақат түзіп,
сыртқа шығады, жұқпа (инфекция) түсуі мүм-
кін. Сондықтан алғашқы жәрдемді дереу қан
кетуді тоқтатудан бастау керек. Бұл үшін
textbooks nis edu kz
жарақаттың жоғарғы жағына қатты таңғыш
тарту қажет. Одан кейін жарақаттың айнала-
сын антисептикалық препаратпен (иод, сутек
асқын тотығы немесе жасыл дәрі) зарарсыз- А Ә
дандыру қажет. Жұқпа түсуінің алдын алу Сан (А) және білек (Ә) сүйектері
үшін стерильді таңғыш байлап, зақымданған сынғанда шендеуіш салу
жерге (дененің зақымданбаған бөліктерін қоса) жұмсақ төсеніш сала отырып, шендеуіш қою
керек. Шендеуішті қолда бар заттардан (тақтайлар, қатты қағаз) жасауға болады. Шендеуіш
дененің зақымданбаған бөлігін де қамтып, қозғалысты толығымен шектеуі тиіс. Ауырсыну
мен ісікті басу үшін зақымданған жерге мұз немесе суық басып, зардап шегушіге ауырсы-
нуды басатын дәрі беру керек. Алғашқы жәрдем көрсетіліп болған соң, зардап шегушіні
дереу ауруханаға жеткізу қажет.
2-тапсырма Қабырғалары сынғанда, омыртқасы немесе бас сүйегі жарақаттанғанда көрсетілетін алғашқы
жәрдем мақсаттары мен әдістерін топта талқыла. Жұмыстың нәтижесін таныстырылымдар, кітапшалар, көмек
көрсету сатыларының суреттері түрінде ұсынуға болады.
Өзіңді тексер
1. Ашық сынық кезінде көрсетілетін алғашқы жәрдемнің дұрыс ережелерін анықта:
– қан тоқтату; 1500
– зақымданған аумақты уқалау; Ерлер
– көп сусын/ас (тағам) беру; 1250 Әйелдер
– қолда бар заттарды пайдаланып, шендеуіш қою; 1000
– жарақат алған аймақты қатты қысып байлау; Сүйек массасы (кальций мөлшері), г 750
– суық басу; 500
– қыздырғыш жақпа майлар пайдалану; 250
– зақымдалған бөлікті өз еркімен түзету; 0
– зардап шегушіні ауруханаға жеткізу;
0 10 20 30 40 50 60 70 80 90 100
– ауырсынуды басатын дәрі беру. ,
2. Диаграмманы зерделе. Адам қаңқасының сүйек массасы қандай көрсеткіштерге тәуелді? Қай жас
кезеңінде оның артуы орын алады? Қандай физиологиялық үдерістер оның кемуіне әкеледі? Қандай
алдын алу шараларын жасау қажет?
Күрделілігі жоғары тапсырма Бұғананың сынуы жасөспірімдерде
жиі кездесетін жарақат болып табылады. Дәрігерге дейінгі алғашқы
жәрдем көрсету кезіндегі іс-қимыл реттілігін зерттеп, оларды қай-
талауға тырыс.
69

