Page 70 -
P. 70
6.5 Мен – спорт жаттықтырушысымын
Қазіргі өмір ырғағы адамнан бірнеше істі қатар орындау, көптеген
міндеттерді шешу және сан түрлі орындарға барып үлгеру сияқты қа- Егер жүзу, бокс немесе
textbooks nis edu kz
білеттерді меңгеруді талап етеді. Ол үшін мықты денсаулық пен күтім спорттық гимнастиканы
қажет. Өз денсаулығын сақтап, нығайтуға болатын тәсілдерді әркім өзі үйренгің келсе, сен неден
таңдайды. Ең тиімді тәсілдердің бірі – денешынықтыру жаттығулары. бастайсың? Өз бетіңше
Алайда, спортпен тәжірибелі маман – спорт жаттықтырушысының жасай аласың ба? Саған
басшылығымен шұғылдану керек екенін есте сақтау маңызды. Өйткені кім көмектесе алады?
ол спортшы болып қана қоймай, жаттығу үдерістерін сауатты әзірлеп,
тиімді құрастыра алады. Бұл барынша табысқа жетуге, шамадан тыс
жүктеме мен жарақаттардан сақтануға көмектеседі.
Мамандық туралы қысқаша мәлімет
Спорт жаттықтырушысы қандай
қасиеттерге ие болуы керек?
• Жақсы физикалық форма
• Жаттығу үдерістерін өткі-
зу әдістемесін білу
Спорт жаттықтырушысы • Адам анатомиясы мен физио-
мамандығы қайда логиясы негіздерін білу
оқытылады?
• Педагогикалық институттарда
• Спорт және туризм академиясында
Кім спорт жаттықтырушысы болады?
• Бұрынғы спортшылар
• Дене шынықтыру
факультетінің түлектері
Спорт жаттықтырушысы қайда жұмыс істей алады?
• Оқу орындары жанындағы спорт секциялары
• Балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектептері
• Спорт және фитнес клубтары
• Емдеу мекемелері
Егер спортпен шұғылданатын болсаң, мүмкін, болашақта спорт жаттықтырушысы мамандығын таңдарсың?
Ал әзірше саған спорттық табыстар тілейміз!
70

