Page 94 -
P. 94
8.6 Адамның эндокриндік жүйесі
Бездерді секреция түрлері бойынша жіктеу
Неліктен шоколад, банан
textbooks nis edu kz
1-тапсырма Ағза қызметтерін реттеудің қандай жүйесі таныс? Барлық немесе тәтті нан жеген
жануарларда ол бар ма? Қарапайым ағзаларда тіршілік үдерістерінің кезде бізде қуаныш
реттелуі қалай жүзеге асырылады? Өсімдіктерде ше? сезімі пайда болады?
Ағзадағы тіршілік әрекеттерін реттеудің негізгі екі: жүйкелік
(жүйке импульстерінің көмегімен) және гуморальдық (ағза-
ның әртүрлі сұйықтықтарымен тасымалданатын химиялық
заттардың көмегімен) тәсілі бар.
Эндокриндік жүйе – ерекше заттар – секрециялар
арқылы ішкі мүшелердің қызметін реттеу жүйесі. Бөлетін
өнімдерінің қайда түсетініне байланысты бездер ішкі (эндо- Тірек сөздер
криндік), сыртқы (экзокриндік) және аралас секрециялық
Секреция, гормондар, эндо-
болып бөлінеді. криндік жүйе, сыртқы/ішкі/
Экзокринді бездер дененің бетіне немесе өзектері арқылы аралас секреция бездері, гу-
ішкі ағзалардың қуысына секрециялар бөледі. Оларға бауыр, моральдық реттелу.
сүт, жас, сілекей, тер, май, сондай-ақ асқазан мен ішектің
асқорыту бездері жатады. Гипоталамус
Ішкі секреция бездері органика- Эпифиз Гипофиз
лық табиғаттың биологиялық бел-
сенді заттары – гормондар өндіреді.
Ішкі секреция бездерінің бөліп
шығаратын өзектері жоқ және гор-
мондарды тікелей қан мен лимфаға
бөледі. Бұлар – гипофиз, қалқанша
безі, қалқанша маңы безі, айырша Қалқанша без
без және бүйрек үсті бездері. Қалқанша маңы безі
Аралас секреция бездері ішкі Айырша без
және сыртқы секрециялық қызметті
Бүйрек үсті безі
жүзеге асырады. Олар бір уақытта
гормондарды – қанға, секрециялар-
Ұйқы безі
ды – өзектерге бөледі. Бұлар – ұйқы
безі мен жыныс бездері. Ұйқы безі Аталық бездер
Аналық бездер
инсулин мен глюкагон гормондарын
қанға (ішкі секрециялық қызмет), ал
асқазан сөлі өзектер арқылы ұлта-
барға (сыртқы секреция) бөледі.
Адам ағзасында эндокринді бездердің орналасуы
2-тапсырма Әйел мен ерлердің эндокриндік жүйесінің айырмашылығы неде? Жыныс бездері аралас се-
креция бездеріне жататынын дәлелде.
94

