Page 91 -
P. 91

Оларға сүтқоректілер мен құстар жатады. Сүтқоректілердің температурасы орта есеппен
          36-37°С құрайды, ал құстарда тыныштық жағдайында ол 42-ден 45°С-қа дейін ауытқиды.

          1-тапсырма    Адам ағзасына гомеостаздың маңызын төменде келтірілген мысалдардың бірінен зертте.
          Хабарлама әзірле.
                  textbooks nis edu kz
             •   Дене температурасын ұстап тұру.
             •   Ағзадағы су мен тұздың көлемін реттеу.
             •   Қандағы глюкоза деңгейін реттеу.
             •   Токсиндерді жою.
          Жылу реттелуінің негізгі жолдары

             Қоршаған орта температурасы төмендеген кезде де сүтқоректілердің дене жылуы қалыпты
          сақталады. Егер тым суық болып кетсе, жануарлар жылы және қауіпсіз жерге қоныс аударуы
          мүмкін (мінез-құлықтық жылу реттелуі). Физиологиялық жылу реттелуі жүннің, майлы
          қабаттың, қанайналым жүйесі құрылымының ерекшеліктеріне байланысты жүзеге асады.
          Метаболизмдік үдерістерде әлдеқайда қарқынды жұмыс істеп, жылу өндіру үдерісін күшей-
          тетін және жылуды қалыпты ұстап тұратын ішкі механизмдер іске қосылады (химиялық
          жылу реттелуі).

          2-тапсырма   Графикпен танысып, сұрақтарға жауап бер.
          – Дене салмағы ағзадағы судың булану жылдамдығына қалай әсер етеді?
          – Бұл жануарлар шөлдің жоғары температурасына қалай бейімделеді?
          – Терморегуляцияның қандай ерекшеліктері осындай қатал жағдайларда аман қалуға мүмкіндік береді?


           Өзіңді тексер                                                       15  Қалталы егеуқұйрық, 0,1 кг
           1.  Ағзаның ішкі ортасының құрамбөліктері өзара қалай байла-        10
               нысқан? Мысалдар келтір.
           2.  Қандай механизмдер арқылы гомеостаз жүзеге асырылады?           Булану, сағатына дене салмағынан %  Үй қояны 2,5 кг
           3.  Жануарлардың  қандай  топтары  жылықандыларға  жатады?           5
                                                                                     Адам 70 кг
               Жылықандылықтың пайда болуымен қандай бейімделу пайда                Ит 16 кг      95     Түйе
               болған?                                                                                   500 кг
                                                                                0
                                                                                      100  200  300  400  500
                                                                                            Дене салмағы
          Күрделілігі жоғары тапсырма     1. Өзіндік реттелу – қоршаған орта   Метаболизм қарқындылығының
          жағдайының өзгеруінде параметрлер (жекелеген даралар, популяция,       дененің жалпы салмағына
          экожүйе) тұрақтылығын ұстап тұру және қалпына келтіру. Экожүйенің өзін-    тәуелділігі (әртүрлі
          өзі реттеудегі құрамбөліктерінің өзара байланысын көрсететін нұсқаушы      сүтқоректілерде)
          сызықтар қойып шық.


                         Жемтіктер (бұғы) популяциясы              Жыртқыштар (қасқырлар)
                                санының азаюы                    популяциясы санының азаюы


             Жыртқыштар (қасқырлар)                                            Жемтіктер (бұғы) популяциясы
            популяциясы санының артуы            Экожүйе тепе-теңдігі                 санының артуы

          2. Ойланып көр, не себепті кішкентай жануарлар үлкен жануарларға қарағанда көп қоректенеді? Неліктен
          қыста құстарға жем салатын астаушалар жасап, қосымша қоректендіру керек?




                                                                                                         91
   86   87   88   89   90   91   92   93   94   95   96