Page 89 -
P. 89

жасалған материалдың сипатын анықтауға
          мүмкіндік береді.
             Температуралық өзгерістерді (суық және                         Бос жүйке ұштары
          жылу сезімі) әртүрлі терморецепторлар                             (ноцицепторлар)
          қабылдайды. Аяқ-қол терісі дене терісіне
          фандры» деп атайды? textbooks nis edu kz
          қарағанда  температураның  өзгеруіне                                                 Меркель дискілері
          сезімтал емес.                                    «Мейснер денешігі»                 (сипап сезу және қы-
                                                            (сипап сезу рецепторы)             сым рецепторлары)
             Ноцицепторлар – ауырсыну тітіркен-
          діргіштерімен белсендірілетін рецепторлар.
                       2
          Терінің 1 см бетінде шамамен 100-200 ре-
          цептор болады, сондықтан адам ауырсы ну                                            Краузе денешігі
          орнын дәл анықтайды.                              Руффини денешігі                 (температуралық
                                                            (сипап сезу рецепторы)
                                                                                             рецептор)
          2-зерттеу    Сипап сезуге зерттеу жүргіз. Көзді жа-
          уып, заттарды сипап сезу арқылы қабылдау ерек-
                                                                Шаш өзегінің рецепторлары  Пачини денешігі
          шелігін анықта. Осы мақсатта алдын ала дайын-
                                                                                       (қысым рецепторы)
          далған әртүрлі бедерлі үлгілерді дайында.
                                                                           Тері рецепторлары
          3-зерттеу    Тері сезімталдығын зерттеу кезеңдерін
          жоспарла және зерттеу жүргіз. Нәтижелерді жазып, терінің әртүрлі аймақтарында рецепторлардың орналасу
          жиілігі тұрғысынан талда.
          Неліктен адамдардың тері түсі әртүрлі?

             Сау адамның тері құрылысы мен құрылымы бірдей болғанымен,
          терінің әртүрлі реңдері бар. Терінің түсі күн сәулесінің зиянды әсері-
          нен қорғайтын пигмент – меланинге байланысты. Адамға ультракүлгін
          сәуленің әсері неғұрлым көп болса, меланин соғұрлым көп бөлінеді.
          Егер бұл пигментті қалыптастыратын жасушалар біркелкі орналаспаса,
          күнге күюмен қатар, сепкілдер де пайда болуы мүмкін. Бұдан өзге,
          терінің түсіне генетиканың да әсері мол, адам терісінің түсі оның қай
          нәсілге жататынына да байланысты болады.

           Өзіңді тексер

           1.  Тері қандай қабаттардан тұрады? Эпидермис немен сипатталады? Тырнақ, шаштар қалай пайда бо-
               лады? Терінің қай қабатында меланин жиналады және оның рөлі қандай?
           2.  Терінің қай қабатында тер және май бездері, шаш түйіндері шоғырланған? Тер бездері не бөліп
               шығарады? Май бездерінің рөлі қандай?
           3.  Теріасты шелмай қабатының қызметтері қандай?
           4.  Дененің қай бөліктері әлдеқайда сезімтал болады? Бұл неге байланысты?

          Күрделілігі жоғары тапсырма      1. Дененің әртүрлі бөліктерінде тері құрылымы несімен ерекшеленеді?
          Бұл немен байланысты? 2. Тері күтімі гигиеналық ережелерін құрастыр. Неге оны ағзаның «қорғаныш ска-












                                                                                                         89
   84   85   86   87   88   89   90   91   92   93   94