Page 90 -
P. 90

8.4   Гомеостаз



            Ағзаның ішкі ортасының                                                Неліктен суық мезгілде
            салыстырмалы тұрақтылығы                                              жануарлар азық-түлікті
                  textbooks nis edu kz
                                                                                  көп қажет етеді немесе
                Кез келген ағза қоршаған ортада өмір сүретін шартты               көп май қорын жұмсайды?
            түрдегі үздіксіз ашық жүйе болып табылады. Тірі ағзалардың
            қоршаған ортаның өзгеру жағдайларында стационарлық
            күйді сақтап қала алатын осы қабілеті олардың тірі қалуына
            бірден бір себеп болады. Осы күйді ұстап тұруы үшін барлық
            ағзаларда биологиялық эволюция барысында ағзаның ішкі
            ортасының немесе оның гомеостазының, тұрақтылығын
            сақтауды қамтамасыз етуден туындаған сан алуан бейім-
            делушілік түрлері пайда болды. «Гомеостаз» терминін 1932
            жылы америкалық физиолог У. Кеннон енгізген.

            Гомеостазды реттеу механизмі                                          Тірек сөздер


                                                                                  Гомеостаз,  ағзаның  ішкі  ор-
                     Реттеуші           Эффектор
                   (басқарушы          (басқарыла-           Рецептор             тасы, лимфа, ұлпа сұйықтығы,
                      жүйе)             тын жүйе)                                 гомойотермді  ағзалар,  фи-
                                                                                  зиологиялық/химиялық/мі-
                                                                                  нез-құлықтық жылу реттелуі,
                                   Кері байланыс сигналы
                                                                                  өзін-өзі реттеу.
                Сызбада теріс кері байланыс реакциясы көрсетілген, мұнда
            жүйе өзгерістерді қарама-қарсы бағытқа өзгертуге құрылған.                        Қан
                Тыныс алу мен тыныс шығарудың ырғақты кезектілігін,                      тамырларының
            сондай-ақ тыныс алу қимылдарының өзгеру сипатын ағзаның                          кеңеюі
            жағдайына қарай сопақша мида орналасқан тыныс алу орта-
            лығы реттейді. Артериялық қанның газдық құрамын қабыл-                         Тер бөліну
            дайтын хеморецепторлар импульстерді тыныс алу орталығына
            жібереді. CO₂-нің әсерімен онда тыныс алу бұлшықеттеріне
            берілетін қозу пайда болады. Осылайша тыныс алу жүзеге аса-              Дене             Жылу
            ды. Үдеріс барысында өкпе қабырғаларындағы созылу рецеп-             температура-       берілуінің
                                                                                    сының
            торлары қозады, олар тыныс алу орталығына тежеу сигналын              жоғарылауы         күшеюі
            жібереді де, орталық тыныс алу бұлшықеттеріне сигнал жіберуін
            тоқтатады, осылайша тыныс шығару іске қосылады.
                                                                                   Қоршаған         Қалыпты
                                                                                     орта
                                                                                                      дене
            Жануарлардағы гомеостаз және жылу реттелуі                           температура-     температура-
                Жануарларды температураны реттеу қабілеті бойын-                    сының         сын қалпына
                                                                                  жоғарылауы         келтіру
            ша шартты түрде екі топқа бөледі: пойкилотермді немесе
            салқынқанды (барлық омыртқасыздар, балықтар, қосмекен-
            ділер, жорғалаушылар) және гомойотермді, жылықанды.
            Температурасы тұрақты және қоршаған орта температура-
            сына тәуелді емес ағзаларды гомойотермділер деп атайды.


              90
   85   86   87   88   89   90   91   92   93   94   95