Page 93 -
P. 93

лады. Ал кейбірі төмен температураны сезеді. Бұл рецепторлар
          суық рецепторлар деп аталады.
             Рецепторлардың тітіркенуі қантамырлары арнасының реф-
          лекстік өзгеруін тудырады. Жылу реттелуі теріде орналасқан
          қантамырлардың  тарылуы немесе кеңеюі есебінен жүреді: ағ-
                  textbooks nis edu kz
          задан жылуды бөліп шығару немесе сақтап қалу. Қантамырлар
          кеңейген кезде ағатын қан мөлшері артады, тері температура-
          сы жоғарылайды және жылу беру күшейтіледі. Қантамырлар
          тарылғанда және теріні қанмен қамтамасыз ету азайған кезде,               Терінің ең көп тараған
          жылу ағзада сақталады, салқын тиюден қорғайды.                                  аурулары
             Дене салқындап қалған кезде бұлшықеттердің еріксіз жиырылуы байқалады, соның
          нәтижесінде зат алмасу күшейеді: бұлшықеттер оттек пен көмірсулармен қамтамасыз етіледі,
          жылутүзілу үдерісі артады. Және керісінше, дене температурасының көрсеткіші қалыптыдан
          асса, соғұрлым ағза булану арқылы тезірек салқындайды – дене терлеп кетеді.
          Тері аурулары

             Температура реттеу үдерісіне тер бездері ғана емес, май бездері де қатысады. Деген-
          мен, олардың қызметінің бұзылуы жасөспірімдерде жиі кездесетін ауру, безеудің (акне)
          пайда болуына алып келеді. Бұл ауруда бет, арқа және кеуде терісі жиі зақымдалады. Бұл
          аурудың алдын алу және емдеу өте маңызды, себебі ол ауырсынуды және психологиялық
          ыңғайсыздықты тудырады. Безеуді ерте сатыда емдеу жұқпаның терінің терең қабаттарына
          таралуының алдын алуға мүмкіндік береді.
          2-тапсырма     «Тазалық – денсаулық кепілі» плакатын/таныстырылымын дайындауға қатыс. Тері гигиенасының
          негізгі ережелерін: шаш, бет, ауыз қуысы, тырнақ, тері күтімдері ережелерін өз жұмысыңда көрсет.
          3-тапсырма    Әртүрлі: майлы, құрғақ, аралас тері түрлерінің күнделікті күтім ережелерін құрастыр.

          4-тапсырма    «Тері ауруларының сыртқы және ішкі себептері» тақырыбында плакат жасауға қатыс. Ақпарат
          көздерін өзің таңдап ал. Жалпы кестеге ақпаратты енгіз.
                                                             Аурудың себептері
                 Атауы               Белгілері                                          Алдын алу шаралары
                                                         Сыртқы             Ішкі
          Акне
          Қышыма
          Ақтаңдақ


           Өзіңді тексер
           1.  Адам ағзасындағы жылу реттелуі үдерістеріндегі терінің қызметі қандай?
           2.  Суық/ыстық жағдайларда жылу реттелуі механизмдері қалай жүзеге асады? Қоршаған ортаның қандай
               жағдайлары жылудың берілуіне ықпал етеді/кедергі келтіреді?



          Күрделілігі жоғары тапсырма     Мына фактілер терінің қандай қызметтерін танытып тұр:
          •   терісінің үлкен бөлігі күйіп қалған адам нәтижесінде өліп қалуы мүмкін;
          •   дене температурасына сай тері бозарады/қызарады, тер бөліну күшейеді/әлсірейді;
          •   көзі көрмейтін кісі темір ақшаның номиналын саусақпен сипап таниды;
          •   адам шашы мен тырнақтарын алғанда, ауырсынуды сезінбейді.




                                                                                                         93
   88   89   90   91   92   93   94   95   96   97   98