Page 55 -
P. 55

textbooks nis edu kz
             Солтүстік жартышарда қоңыржай белдеу Солтүстік Аме-
          рика және Еуразия құрлығында таралған. Климаттық жағ-
          дайлары ұқсас болып келеді. Екі құрлықтың солтүстігінде
          мәңгі мұз құрсап, қар жамылғысы қалың жататын аудандар
          орналасқан. Осы аймақтарда Күн сәулесінің кері шағылысуы
          күшейіп, ауа температурасы төмен болады.
             Солтүстік Американың солтүстігінде қалыптасқан суық ауа
          массалары еш кедергісіз құрлықтың оңтүстігіндегі Мексика
          шығанағына дейін өтіп, субтропиктік белдеуде де қар жауады.

          Тапсырма   Климаттық картаны пайдаланып, оңтүстік және солтүстік
          жартышардағы қоңыржай белдеудің аумағын салыстыр.
          Солтүстік және оңтүстік жартышардың қандай ендіктері аралығында
          жатқанын анықта.                                                      3-сурет. Оңтүстік Америкада
                                                                                 температураның таралуы
                 Ауа температурасы, атмосфералық қысым және жел
                                                                    Шілде                         Қаңтар

























                     4-сурет. Солтүстік Американың шілде және қаңтардағы ауа температурасы


           Мен зерттеушімін
               Оңтүстік жартышар мен солтүстік жартышардың қоңыржай белдеулерінің жыл мезгілеріндегі айыр-
           машылықтарын (жау ын-шашын, температура, жыл мезгілдеріне байланысты температураның ауытқуы,
           ауа массалары, қыс пен жаз мезгілдерінің ұзақтығы) зертте.
               Сенің кезегің


           1.  А. 4-суретті пайдаланып, Солтүстік Америка құрлығында таралған климаттық белдеулерді анықта.
               Қысқы және жазғы температура ерекшеліктерін салыстыр.
               Ә. Солтүстік Америка климатын қалыптастыруға қандай ауа массалары әсер етеді?
           2.  Әр құрлықта орналасқан ұқсас климаттық белдеуді таңдап, жоспар бойынша салыстыр:
               климаттық белдеу (қоңыржай, тропик, экватор және т.б.);
               географиялық ендігі; орташа температурасы; жауын-шашын мөлшері; ылғалдылығы; ерекшелігі.




                                                                                                         55
   50   51   52   53   54   55   56   57   58   59   60