Page 56 -
P. 56
textbooks nis edu kz
3.2.6 Климаттың адамзат тіршілігі мен
шаруашылығына тигізетін әсері
? Сен үшін қандай климат қолайлы және қолайсыз?
Сен:
Климаттың адамзат тіршілігі мен шаруашылығына тигі-
✔ климаттың адамзат
зетін әсері зор. Әлемнің әр аймағында климат ерекшелігіне
тіршілігі мен
байланысты әртүрлі егін, мал шаруашылығы дамыған. Оның шаруашылығына тигізетін
дамуы климаттың жылуы, ылғалдылығы, жарықтың таралуына әсеріне баға беруді
байланысты. Еліміздің климаттық ерекшеліктеріне сай сол- үйренетін боласың.
түстік аудандарда астық егуге, ал оңтүстік бау-бақша, мақта
және күріш өсіруге қолайлы.
Сонымен қатар климат адамның тіршілігіне де едәуір
әсер етеді. Климаты қатал аумақта киім кию, баспана, тамақ,
қарапайым спорт түрлерінің дамуы да әртүрлі. Ал жылы
белдеулерде климат өмір сүруге қолайлы болады.
Бірақ климат жағдайлары барлық уақытта қолайлы емес.
Қолайсыз, зиянды атмосфералық құбылыстар да болып тұрады.
Олар: қуаңшылық, аңызақ, үсік, көктайғақ, шаңды дауылдар.
Климаттың қолайлы және қолайсыз болуының транспорт,
туризм, құрылыс салаларына да әсері зор. Кейбір аймақтар- 1-сурет
дың климаттық жағдайының қолайлы болуы шаруашылықтың
дамуына жақсы әсер етеді. Мысалы, рекреациялық (курортты)
аймақтарда ылғалдылық, температура, күн радиациясының
қажетті деңгейде болуы туризм индустриясын дамытып, ел
экономикасын жақсартуға мүмкіндік береді.
? 1.1-суреттегі баспананың қай белдеуге тиесілі екенін қалай анықтауға
болады?
2.1-2-суреттегі климат адам тіршілігіне қолайлы ма қолайсыз ба?
3. Баспананы салғанда қандай климаттық факторларды ескеру қажет?
Неліктен?
4. Өзің тұратын аймақ баспаналарының ерекшелігі қандай? Салыс-
тырып көр. 2-сурет
5. 2-суреттегі халық қандай климаттық белдеуде тұрады деп ойлай-
сың?
6. 2-3-суретте көрсетілген аймақта туризм немесе шаруашылық
түрлерін дамытуға болады ма?
Сен білесің бе? қандай? Еліміздің оңтүстігінде неге суармалы егіншілік дамыған?
7. Климаттың адамзат шаруашылығы мен тіршілігі үшін маңызы
Климаттың ерекшеліктері тек киім кию, баспана, өсімдік шаруа-
шылығын дамытуға ғана емес, сонымен қатар адамзат өмірінің салты,
яғни спорт ойындарының пайда болуы мен дамуына да әсер еткен.
56

