Page 57 -
P. 57
textbooks nis edu kz
1924 жылы Францияның Шамони қала-
сында тарихта тұңғыш рет қысқы спорт түрле-
рінен апталық өткізілді. Бұл апталыққа жалпы
15 мемлекет, Австрия, Бельгия, Ұлыбритания
және Скандинавия түбегіндегі қысқы спорт
ойындары дамыған елдердің танымал спорт-
шылары қатыс ты. Бағдарлама құрамына шаңғы
спорты, трамплиннен секіру, қоссайыс, мәнер-
леп сырғанау сияқты спорт түрлері енді. Шаңғы 4 500 000
4 000 000
спортының барлық түрі бойынша жеңіс тұғыры- 3 500 000
3 000 000
на Норвегия спортшылары көтерілді. Керісінше 2 500 000
климаты жұмсақ белдеулерде бұл спорт түрлері 2 500 000
1 500 000
нашар дамыған. 2014 жылы қысқы Олимпиа- 1 000 000
500 000
да ойындарына алғаш рет жылы аймақтардағы 0
2005 2006 2007 2008 2009 2010 2011 2012 2013
Доминика, Зимбабве, Мальта, Парагвай, Шығыс
3-сурет. Тенерифе аралындағы
Тимор, Того және Тонга мемлекеттері қатысты.
туристер көрсеткіші
? 1. Скандинавия елдері қысқы спорт түрлерін неліктен ұлттық ойын деп есептейді?
2. Қысқы спорт ойындарының дамуына қандай факторлар әсер еткен?
3. Неліктен климаты жұмсақ белдеулерде бұл спорт түрлері нашар дамыған?
Климаттың адамзат шаруашылығын дамытуға әсері
Тенерифені (Испания) «мәңгілік көктем аралы» деп атайды. Бұл арал климатының
жұмсақтығымен және Күн сәулесінің жыл бойы қалыпты болуымен ерекшеленеді. Қысқы
о
о
температурасы 20–23 С, ал жазда 23–29 С аралығында. Тенерифе аралының климатын
қалыптастыруда пассаттар мен «Канар суық ағыстарының» ықпалы зор. Осындай қолайлы
климатына байланысты бұл аралда туризм индустриясы жақсы дамыған. Жылына мұнда
миллионнан астам туристер келеді екен.
1. Климаттық картаны пайдаланып, Тенерифе аралы қандай климаттық белдеуде орна-
ласқанын анықта.
2. Аралдың климатын қалыптастыруда «Канар ағысының» маңызын анықта.
3. Аралға 2005–2013 жылдар аралығында келген шетелдік және отандық туристердің
арасында қандай айырмашылық бар? Туристердің экономикаға қалай әсер ететінін бағала.
Біздің елімізде де климаты керемет, туризмді дамытатын әсем жерлер бар. Олар туралы
не айта аласың?
Шығармашылық тапсырма
Спорт – адам өмірінің ажырамас бөлігі. Климаттың спорт түрлеріне
бейімделуге әсері қандай? Тізімін жазып, таныстырылым жаса.
Сенің кезегің
1. Қандай қауіпті, қолайсыз атмосфералық құбылыс тарды білесің?
2. Өзің тұратын жергілікті аймақта қандай қолайсыз құбылыстар
жиі кездеседі?
3. Жоспар бойынша жауап бер.
А. Қолайсыз құбылыс.
Б. Қолайсыз құбылыстың пайда болу себебі.
В. Жергілікті жер транспортына, егін шаруашылығына және адам
денсаулығына қалай әсер етеді?
4-сурет
57

