Page 59 -
P. 59
textbooks nis edu kz
2. 2-суретте бейнеленген шаруашылық салаларының атмосфераны
лас таудағы пайыздық көрсеткішін шығар.
3. Ең көп және ең аз ластаушы салаларды сипатта.
Сызбадағы факторлардың өзара байланысын талда.
Тапсырма 3-суретке мұқият қарап, «жылыжайлық әсер» механизмін
түсіндір. Жылыжайлық әсер климаттың өзгеруінде қандай мәселелер
тудырады?
Сен білесің бе?
Тұмша үлкен қалалар мен индустриялық өндіріс орталықтарында кез келген ауа райы жағдайында
пайда болады екен. Дүниежүзіндегі халық тұмшадан зардап шегетін қалалардың қатарына Лондон,
Лос-Анджелес, Мехико, Афины, Гонконг, Пекин және Мәскеу жатады. Гонконгтағы тұмшадан биік
ғимараттардың төбесі көрінбей қалатын жағдайлар болады екен.
«Тұмша шаруашылық іс-әрекетінің, көмір-
қышқыл газы мен метанның ауаға шамадан тыс
мөлшерде бөлінуінің салдарынан түзіледі» деген
ғалымдардың болжамы расталуда. Шынында да,
жыл сайын әуеге көтерілген метан мен көмір-
қышқыл газы жерді қатты қызып кетуден сақ-
тайтын ультракүлгін сәулелерді сіңіріп, ғаламшар
температурасының көтерілуіне алып келуде.
Зерттеулер бойынша осы газдардың әсерінен
жердегі ауаның орташа жылдық температура-
сы соңғы жүзжылдықта 0,3–0,6 С-қа көтерілген.
о
Температураның көтерілуіне байланысты ға-
ламшарымызда мәселелер туындады. Туында-
ған мәселелерді шешу үшін қазіргі таңда елдер
арасында бірқатар келісімдер мен іс-шаралар
жүргізілуде.
? 1. Озон қабатының қызметі қандай? Озон қабатының
тесілу салдарынан қандай мәселелер туындауы мүм-
кін?
2. «Атмосфера ластануының алдын алуға және шешуге
бағытталған елдердің тәжірибесін тарату» тақырыбын-
да зерттеу жасап, «ЭКСПО–2017 көрмесі қандай мәсе- 4-сурет. Озон қабаты
лелерді шешуі мүмкін?» деген тақырыпта эссе жаз.
Сенің кезегің
1. Сен тұратын елді мекенде атмосфера ластануының түрлері кездеседі ме? Жауабыңа дәйектер келтір.
2. Климаттағы тепе-теңдіктің бұзылуы жер шарының әртүрлі бөліктеріне қалай әсер етуі мүмкін?
3. Сен қандай болашақты таңдайсың? Таңдауыңды түсіндір.
59

