Page 58 -
P. 58
textbooks nis edu kz
3.2.7 Адамзат әрекеті климатты қалай өзгертіп жатыр?
? 1-суреттегі 1960–2015 жылдар аралығындағы температура өзгерісін
анықта. Температураның жоғарылау себептері қандай деп ойлайсың? Сен:
Болашақта температура осы көрсеткіштен көтерілуі мүмкін бе? Неліктен? ✔ адамзат әрекетінің
атмосфера мен климатқа
Адамзат қоғамының ұзақ даму тарихында шаруашылық- тигізетін кері әсерін
тың ұдайы өсуіне ғылым мен техниканың өркендеуі әсер етті. топтастырып, шешу
XX ғасырдың екінші жартысында ғылыми-техникалық үдеріс жолдарын ұсынуды
аса жедел қарқынмен дамып, дүниежүзінің көптеген елдері үйренетін боласың.
мен шаруашылық салаларын қамтыды. Бұған дәлел ғарышқа
зымырандарды ұшыру арқылы ғарышты зерттеу, мәшине
жасау, авиация техникасы, телекоммуникация жабдықта-
ры, сандық бағдарлама бойынша басқарылатын станоктар,
микросызбалар өндірістері дами бастады. Әсіресе өнеркә-
сіптегі жеке салалар – мәшине жасау, химия өнеркәсібі және
энергетика басқа салаларға қарағанда жоғары қарқынмен
дамыды. Өндіріс орындары, транспорттар, құрылыс және
тұрмыс нысандарынан шығарылатын күкірт, көміртек және
азот оксидтерінің, күл мен күл-қоқыстардың қатты бөлшек-
1-сурет. Ауа
терінің көбеюі атмосфераны ластауда.
температурасының өзгеруі
Ауаның ластануынан тұмша, «жылыжайлық әсер», «озон
тесігі», «қышқыл жаңбыр» деген мәселелер туындауда.
? 1. Атмосфераның ластануы дегенді қалай түсінесің? Оның ластануына
қандай факторлар әсер етуде?
2-сурет. Атмосфераның өзгеруі 3-сурет. Жылыжайлық әсер
58

