Page 62 -
P. 62

textbooks nis edu kz
             3.3.1   Гидросфера





              Сен білесің бе?                                                     Бұл тарауда:
                 2000 жылдан бастап Халықаралық географиялық ұйым Дүние-
                                                                                  ✔	 құрлық суларының
              жүзілік мұхитты төртке емес, бес бөлікке бөлген. Тынық, Үнді, Атлант
                                                                                     негізгі түрлерін (өзен,
              және Солтүстік мұзды мұхиттары қатарына Оңтүстік мұхит атауы
                                                                                     көл, батпақ, мәңгі
              қосылды. Бесінші мұхит Антарктиканы толығымен қоршап жатқан
              60-параллельді қамтиды. (Анықтама үшін Google Earth map карто-         тоң, мұз жамылғысы,
              графиялық ресурсынан мұхитты қара.) Көлемі жағынан Оңтүстік мұ-        жерасты сулары)
              хиттың ауданы Солтүстік Мұзды мұхиттан шамамен 37% ғана үлкен.         ажырата алуды,
              Мұхиттың пайда болуы 30 млн жыл бұрын Оңтүстік Американың              оларды зерттеудің
              Антарктидадан бөлініп, Дрейк бұғазы пайда болған кезеңмен сәйкес       практикалық маңызын;
              келеді.
                                                                                  ✔	 құрлық суларының
                Гидросфера құрамындағы судың негізгі бөлігі дүниежүзілік мұхитта     пайда болу және
            шоғырланған. Жер шарының су қабығының құрамына ғаламшардағы              қалыптасу факторларын
            материктік, мұхиттық және атмосфералық табиғи судың барлық түрлері       зерттеуді;
            кіреді. Дүниежүзілік мұхит пен оның бөліктерін зерттейтін мұхиттану   ✔	 өзендердің
            және құрлықтағы суларды зерттейтін құрлық гидрологиясы саласына
            ажыратылады.                                                             гидрологиялық
                Осы тарауда жер бетіндегі құрлық суларының таралуы, олардың          режимін (қазақстандық
            дүниежүзілік су айналымындағы орны, су режимдері мен қоректенуі          компонентті қосымша
            туралы білетін боласың. Құрлық суларының маңызы және адам қызметі        қамту негізінде);
            үшін мүмкіндіктерін анықтауды үйренесің.                              ✔	 көлдер мен

             Тапсырма   Құрлық суларының қандай түрлерін білесің? Берілген суреттер-  мұздықтарды жоспар
            ден құрлық суларын анықтап, Қазақстанның физикалық картасынан көрсет.    бойынша сипаттауды;
                Құрлық сулары бір-бірінен пайда болуы, жағдайлары, пішіндері,     ✔	 құрлық суларының
            түстері, күйлері, әрекеттері бойынша ерекшеленеді. Олардың ортақ         экологиялық
            белгілері: судың әрекеті. Мысалы, су бір жерге жиналса көл, ағып өтсе    проблемаларын жіктеп,
            өзен, жер астындағы қабатқа сіңіп, жинақталғанда жерасты суларын         шешу жолдарын
            түзеді. Батпақтар да судың ерігіш қасиетінен  жинақталған қою массаның   ұсынуды (жергілікті
            айналуынан пайда болады.                                                 компонентті қосымша
                                                                                     қамту негізінде);

                                                                                  ✔	 су апаттарының алдын
                                                                                     алу шаралары туралы
                                                                                     білетін боласың.















                            Іле өзенінің Балқашқа құяр сағасы                           Жерасты сулары



              62
   57   58   59   60   61   62   63   64   65   66   67