Page 63 -
P. 63
textbooks nis edu kz
Тапсырма Қазақстанның физикалық картасынан Іле өзенін анықта.
Өзеннің ағып өткен аймағының жер бедеріне сипаттама бер. Суреттегі
немесе сенің елді мекеніңдегі өзенді берілген жоспар бойынша сипатта.
✔ Орналасу аумағы (таулы, жазықты).
✔ Су ағысының сипаты (ағынды, тасқынды, баяу, тұйық).
✔ Суының түсі (мөлдір, лайлы).
✔ Суының көлемі (мол, аз).
✔ Су жағасы (құмды, тасты, батпақты, орманды,
жайылым, таулы, шөлді және т.б.).
✔ Суының жылдамдығы (жылдам, баяу).
Осы жоспар арқылы сен өзен суларына сипаттама беруді үйренесің.
Бұндай сипаттау түрлерінің саған жазғы демалыста немесе «Туған елге
тағзым» жобасы аясындағы зерттеу тапсырмаларын орындауда үлкен
көмегі болады.
Жетісу Алатауы
? Суреттер арқылы құрлық суларының ерекшелігін түсіндір.
1. Суретте құрлық сулары қалай бейнеленген?
2. Құрлық суралы қалай таралған? Орналасу ерекшеліктеріне қарай
суларды қалай ажыратады?
3. Суреттегі құрлық суларының қалыптасуына қандай табиғи орта
қажет (климат, жер бедері)?
4. Адамдар бұл суларды қалай пайдаланады?
Сенің кезегің
1. Оқулық суреттерін өзара байланыстырып, «Құрлық сулары» атты синквейн құрастыр.
2. «Литосфера» тарауындағы 2-сабақтан меңгерген жер бедері туралы біліміңді еске түсіріп, жер бе-
дерінің су ағысына әсерін түсіндір.
3. «Атмосфера» тарауында климат белдеулері туралы меңгерген біліміңді негізге ала отырып, табиғатта
судың қатты күйде кездесуі мен таралуын талда.
63

