Page 64 -
P. 64
textbooks nis edu kz
3.3.2 Құрлық суларының түрлері
Жер бетіндегі сулардың шамамен 49%-ы – мұздықтар-
да, 47%-ы – жерасты суларында, 2%-ы – көлдерде, 1%-ы Сен:
– өзендерде, 1%-ы батпақтарда шоғырланған. Бұл су бөлі- ✔ құрлық суларының (өзен,
көл, батпақ, мәңгі тоң,
гінің жиынтығын құрлық сулары деп атайды. Сонымен қатар
мұз жамылғысы, жерасты
құрлық суларына жасанды су көздері (бөгендер, каналдар,
сулары) негізгі түрлерін
тоғандар) жатады. Құрлық суларын орналасу орнына байла- ажыратуды, оларды
нысты беткі және жерасты сулары деп бөледі. Беткі сулар зерттеудің практикалық
құрлық суының 2/3, жерасты сулары 1/3 бөлігін құрайды. маңызын білетін боласың.
Құрлық суларының басым үлесі мұздықтар мен жерасты
сулары түрінде кездеседі.
Өзен – өзі салған арнамен ағатын тұрақты немесе уақыт-
ша су ағыны. Өзен басқа бір өзенге, көлге, теңізге, мұхитқа
немесе үлкен суқоймаға барып құяды. Өзен жаңбыр суымен,
еріген қар және мұздық суларымен, қайнар бұлақтар немесе
арнасынан тасыған көл суларымен қоректенеді. Көптеген
өзендер қыраттар мен таулардан басталады. Елді мекен-
дердің басым бөлігі өзен жағаларында орналасады. Өзен-
дер, сондай-ақ ауыл шаруашылығына да қолайлы. Өйткені,
1-сурет. Бурабай
өзен аңғарлары мен жазықтарының топырағы өте құнарлы
болады.
Көл – Дүниежүзілік мұхитпен тікелей байланысы жоқ,
табиғи қазаншұңқырда, ойыста орналасқан су айдыны. Жал-
пы алғанда, көлдер құрлық ауданының 2%-ға жуығын ғана
алып жатыр. Көлдер құрлықта біркелкі таралмаған. Өйтке-
ні аумақтағы көлдердің санына климат пен жер бедерінің
сипаты тікелей әсер етеді. Климаты ылғалды, ойыстар мен
қазаншұңқырлар көп кездесетін аумақтарда көлділік деңгейі
де жоғары болады.
Мұздықтар деп әдетте қатты күйде түсетін жауын-ша-
2-сурет. Мұздықтар
шынның жинақталып, біртіндеп өзгеруінен құрлықта тү-
зілетін көпжылдық мұз қабатын атайды. Мұздықтар тау
жыныстарын қалыптастырады, тасымалдайды және жойып
жібереді, тау жыныстарының жұмсақ жерлерін тілімдейді.
Жерасты сулары – жер қыртысында жиналған су. Жер-
асты сулары атмосфералық жауын-шашынмен толысады.
Дүниежүзіндегі ірі қалалардың 70%-дан астамы жерасты суы
есебінен ауыз сумен қамтамасыз етіледі. Азия мен Солтүстік
Американың, Африка мен Аустралияның шөлді аудандарын-
да жерасты суы бірден-бір су көзі болып табылады.
Батпақтар – жер бетіндегі өте ылғалды бөліктер; мұнда
шымтезек түзіледі. Батпақтар екі жолмен қалыптасады: то- 3-сурет. Батпақтар
64

