Page 66 -
P. 66

textbooks nis edu kz
            3.3.3 Құрлық сулары қалай пайда болады?




                Құрлық сулары климатқа, жер бедерінің ерекшеліктеріне
            және тау жыныстарының құрамына байланысты қалыптасады.                Сен:
                Жер бетінде батпақтар мен батпақтанған жерлер алып жат-           ✔	 құрлық суларының (өзен,
                                                                 2
            қан аймақтың жалпы ауданы шамамен 3,5 млн км . Батпақтар                 көл, батпақ, мәңгі тоң,
                                                                                     мұз жамылғысы, жерасты
            Азияда, Еуропада, Солтүстік Америкада ең көп таралған. Өзге              сулары) пайда болу және
            құрлықтарда батпақтардың таралуы шектеулі. Батпақтардың                  қалыптасу факторларын
            мол болуы аумақтың дамуының геологиялық тарихына және                    зерттеуді білетін боласың.
            қазіргі кездегі климат пен жер бедеріне байланысты. Әсіресе
            батпақтардың қалыптасуына қолайлы жағдай мұздықтардың
            шегінуінен соң жасалды. Субарктикалық белдеудегі аумақтың             Тірек сөздер
            50%-на дейін батпақтар алып жатады. Олардың көпшілігі жұқа            •  Бастау – өзеннің бастауы.
            шымтезек қабатынан тұратын батпақтанған жерлер болып                  •  Сағасы – өзеннің көлге не-
            келеді.  Әдетте батпақтар мен батпақтанған жерлер қатарласа             месе теңізге құяр жері.
            орналасады. Сол себепті олардың арасын дәл бөлетін шегара             •  Арна – өзен аңғарының су
                                                                                    ағатын бөлігі.
            жүргізу мүмкін емес, олар бір ландшафт құрайды.                       •  Саласы – өзенге құятын бө-
                Жерасты сулары жауын-шашынның, өзен суларының жер-                  лігі.
            ге сіңуінен пайда болады.                                             •  Алап – су жинау бөлігі.
                Көлдер – баяулатылған су алмасу қоймалары. Көлдер бар-            •  Атырау – өзеннің көлге не-
            лық жерде таралған, алайда біркелкі емес. Ылғалды климатты              месе теңізге құяр сағасын-
                                                                                    дағы тармақтарға тілімден-
            аудандарда көлдер көп, олардың суы мол, тұщы, негізінен,                ген ойпат.
            ағынды болады. Құрғақ климатты аудандарда олардың суы
            әдетте аз, көбінесе ағынсыз, тұзды болып келеді. Шығыс Еуропа
            жазығының солтүстік бөлігіндегі көлдердің басымы ылғалды
            климатта шоғырланған. Бұл көлдердің қалыптасуына  шамадан
            тыс ылғал, су өткізбейтін қабаттар мен грунт суларының жақын
            орналасуы әсер етеді. Жазықтың оңтүстігіне қарай өзендер
            саны кемиді, оған атмосфералық жауын-шашын мөлшерінің
            азаюы мен тұйық қазаншұңқырлардың болмауы себепші.
                Қазақстанда шамамен 48 262 көл бар. Олардың көпші-
            лігінің көлемі 1 км² -ден аспайды. Еліміздің ірі көлдеріне
            Каспий және Арал теңіздері, Балқаш, Жайсан, Алакөл, Теңіз,
            Сілетітеңіз жатады.
                                                                   Өзеннің қалыптасуына әсер ететін факторлар
                                                             ✔	 Шоңғал және сарқырама
                                                                             Факторлардың әсері
             Жер бедері         Факторлар                    ✔	 Ағыстың сипаты

                                                             ✔	 Өзендердің әрекеті

             Климат                                          ✔	 Бағыты
                                                             ✔	 Суының молдығы
                                                             ✔	 Қоректенуі
                                                             ✔	 Өзендердегі су көлемінің өзгерісі
                                                             ✔	 Мұз қатуы



              66
   61   62   63   64   65   66   67   68   69   70   71