Page 67 -
P. 67

textbooks nis edu kz
             Құрлық  суының  ең  маңызды  бөлігін  өзендер  жүйесі  құрайды.  Өзендер  суы-
          ның  көлемі  гидросфера  ауқымымен  салыстырғанда  аз  болғанымен,  олар  су  ай-
          налымында  өте  маңызды  орын  алады.  Өзендерде  батпақтарға  қарағанда
                                                             3
          4 есе, көлдерге қарағанда 60 есе аз су (2000 км ) жинақталған, бірақ оның суы алмасу үшін
          бар болғаны 11 күн қажет (батпаққа – 5 жыл, ағынды көлге – 17 жыл).
             Өзендер негізгі арнадан және оның тармақтарынан тұрады. Өзен барлық тармақтарымен
          бірге қосылып өзен жүйесін құрайды, ал белгілі бір аумақтағы өзендер саны сол жердің
          өзен торын түзеді. Өзендердің жер бедерін құрудағы басты факторларына өзен ағысы мен
          өзен ағысының жылдамдығы жатады. Өзен ағысы тау жыныстарын 6ұзып, ағызып әкетіп,
          жаңа өзен арнасын қалыптастырады.
             Өзен жүйесі суын жинайтын аумақты өзеннің су жинау алабы деп атайды. Дүниежүзі
                                                                                                         2
          өзендері арасында алабы ең үлкен өзен – Амазонка, оның су жинау алабы 7 млн км -ге
          жуықтайды. Өзендер өздері барып құятын теңіздер мен мұхиттардың алаптарына енеді.
             Жалпы алғанда, құрлықтың барлық өзендері Атлант және Солтүстік Мұзды мұхиттың,
          Тынық және Үнді мұхитының алаптарына, сондай-ақ ішкі тұйық алапқа жатады.


                                                     Бастауы
                                   Сарқырама                                    Оң саласы

                           Сол саласы
                                                                                       Өзен
                                                                                       иірімі
                              Сағасы













                                            Өзен жүйесі және оның бөліктері


           Сенің кезегің
           1.  Құрлық суларының пайда болуының ортақ белгілері бар ма?
           2.  Батпақтардың қалыптасуына қандай жағдайлар қажет?
           3.  Қандай климаттық белдеу батпақтар қалыптасуына қолайлы? Дүниежүзіндегі қандай батпақты ор-

               мандарды білесің?
           4.  Жерасты сулары жер бетінде біркелкі тарала ма? Оларға жерасты суларының қалыптасуы қалай әсер
               етеді?
           5.  Қазақстан көлдері қалай таралған? Қазақстанның физикалық картасы көмегімен анықта.
           6.  Өзендер қалай пайда болады?
           7.  Кестедегі өзеннің қалыптасуына әсер етуші факторларды талда. Әсерін түсіндір.
           8.  Өзен морфологиясын пайдаланып, бір өзенге сипаттама бер.
           9.  Өзен табиғаттың қандай құрамбөліктерімен тығыз байланысты? Оны қалай түсіндіресің?



                                                                                                         67
   62   63   64   65   66   67   68   69   70   71   72