Page 68 -
P. 68

textbooks nis edu kz
            3.3.4 Өзеннің суы қалай өзгереді?




                Барлық өзендердің климаттық ерекшеліктерге сәйкес
            қоректену түрлері анықталады. Өзендер жаңбыр, қар, жер-               Сен:
            асты сулары, мұздықтармен қоректенеді. Жазықта ағып                   ✔	 өзендердің гидрологиялық
                                                                                     режимін білетін боласың.
            өтетін өзендер қар, жаңбыр және аралас қоректенсе, таулы
            аймақтардағы өзендер көбінесе мұздықтармен қоректене-
            ді. Жерасты суларымен қоректену өте аз кездеседі. Бірақ
            өзендерде қоректенудің бір түрі таза күйінде кездеспейді,
            көбінесе бірнеше аралас қоректену қатар жүреді.
                Бір жыл ішінде өзендердің су көлемі өзгеріп отырады. Бұл
            өзгерістерді өзеннің қоректену түрлеріне байланысты түсін-
            діреміз. Басты қоректену көзіне және климат жағдайларына
            байланысты өзеннің режимі қалыптасады. Олар белгілі бір
            мерзім (тәулік, айлар, жыл) ішіндегі өзен деңгейінің өзгеріс-
            терін көрсетеді. Графикте Q су шығыны – судың белгілі бір
                                                                      3
            уақыт аралығындағы ағып кету көлемі. Cу шығыны  1 м /c-пен               1-сурет. Өзен гидрографы
            өлшенеді.
                Өзен су көлемінің өзгерісін 1-суреттегі графиктен көруге              1) су тасу кезеңі – қар
                                                                                      суымен қоректенеді;
            болады. Бұл графикті гидрограф деп атайды.
                                                                                 2) су тасқыны кезеңі – жаңбыр
                Гидрографта өзен суы көлемінің бірнеше фазасы көрсетіл-               суымен қоректенеді;
            ген. Қыста өзен суының қатуына байланысты, өзен жерасты                    3) судың сабасына
            суларымен қоректенеді. Бұл кезде судың көлемі аз, сондық-                 түсу кезеңі – жерасты
            тан осы жағдайды судың сабасына түсу кезеңі деп атайды.                  суларымен қоректенеді.
                Көктемде қардың еруімен байланысты өзендерге су то-
            лысады, тіпті өзен өз арнасына сыймай кетеді. Өзен сула-
            ры өз жағалауынан шығып, жиегін шаяды. Бұл жыл сайын
            қайталанып тұратын құбылыс су тасуы деп аталады. Өзен
            суының көтерілуіне қардың, мұздың еруі немесе ұзақ уақыт
            жаңбырдың жаууы себеп болуы мүмкін. Су тасу көктемдік,
            көктем-жаздық, жаздық болып бөлінеді.
                Жазда өзен сулары қатты буланады. Бұл кезде өзен сула-
            ры жаңбыр суымен қатар жерасты суларымен қоректенеді.
            Күзде булану азаяды да, өзен сулары ұзақ жауған жаңбырмен
            толысады. Ұзақ жауған жаңбыр салдарынан қысқа мерзімді

            су тасқыны байқалады.
                Судың сабасына түсу кезеңі – су режимі суының азды-
            ғымен, су деңгейінің күшті әлсіреуімен сипатталады. Осы
            маусымда өзен көбінесе жерасты суларымен қоректенеді.
            Өзендердің көбісінде жазғы және қысқы су сабасына түсу
            кезеңдері болады (1-сурет).

             ?   1. Өзендердің қоректену типі қандай факторларға байланысты қа-
                лыптасады?


              68
   63   64   65   66   67   68   69   70   71   72   73