Page 69 -
P. 69
textbooks nis edu kz
2. 1-суреттегі гидрографты талда. Жыл маусымдарында өзен суы
қалай өзгереді? Мұндай өзгерістердің себеп-салдарын айқында.
3. 2-суретте берілген өзен күйін сипатта. Өзен қай бағытта ағып
жатыр? Өзен режимінің қай фазасы бейнеленген?
Су режимінің негізгі типтері және олардың қоректену көздерімен
байланысы
Су режимінің негізгі типтері Қоректену көздерінің
басым түрлері
а – тек тасқындық режимдегі Жаңбыр суымен
өзендер; Қар суымен
ә – су таситын өзендер; Мұздықтармен, аралас
б-в – су таситын және тасқындар қоректену
болатын өзендер
Қоректену түріне қарай өзендер 4 типке бөлінеді (3-сурет). 2-сурет. Іле өзені
а – жаңбыр суымен
қоректену;
ә – қар суымен қоректену;
б – мұздықтармен қоректену;
в – аралас қоректену
3-сурет. Гидрографтар
Сенің кезегің
1. Өзендердің қоректенуі дегеніміз не?
2. Өзеннің қоректену түрлері неге климаттық ерекшеліктерге сәйкес анықталады?
3. Өзен суының кезеңдері жыл маусымдарына қалай тәуелді?
4. Қар суымен қоректенетін өзендердің су шығыны не себепті ең жоғары?
5. 3-суреттегі гидрографтардан судың тасуы, судың тасқыны, судың сабасына түсу кезеңдерін атаңдар.
Өзеннің су режиміне сипаттама беріп көр.
6. Гидрографтарды өзара салыстыр. Қандай ортақ белгілерін анықтадың?
7. Меңгерген біліміңді дамыта отырып, гидрографтардың практикалық маңызы туралы әңгімеле. Ойыңды
тұжырымда.
8. Қазақстанның физикалық картасын қолдан. Қазақстандағы өзендерді қоректену типіне қарай топтас-
тырып, графиктерге тән өзендерді анықта.
69

