Page 73 -
P. 73

textbooks nis edu kz
          қорғасын, кадмий, күкірт оксидтерінің мөлшері көбейді. Бал-
                                                                               Сенің кезегің
          қаштың құрғап қалған аумақтарынан көтерілген тұз, шаң-тозаң
                                                                               1.  Экологиялық мәселе де-
          әсері биіктаулы аймақтардағы мұздықтардың еріп, ұсақталуына
                                                                                   геніміз не?
          әкелді. Мысалы, 1974 жылдан бері Іле Алатауындағы аумағы
                                                                               2.  Оқулық мәтініндегі
              2
          1 км -ден астам 80-нен астам ірі мұздықтың алтауы қалған. Көл
                                                                                   құрлық сулары мәселеле-
          суын ауыл шаруашылығы дақылдарын суаруға пайдаланады,                    рімен жоспар бойынша
          нәтижесінде көлдегі су көлемі екі есеге кеміген.                         жұмыс жаса. Әр көрсет-
             2. Мұздықтардың ластануы. Соңғы деректер бойынша                      кішке сипаттама бер:
          мұздық құрамында сульфат пен қорғасынның шоғырлану мөл-                  а) экологиялық мәселені
          шері 3 еседей өскен. Сульфат мөлшерінің артуы минералды                  тудырушы факторлар;
          отындардың көптеп жағылуымен түсіндіріледі, яғни «қышқыл»                ә) мәселелердің ауқымы;
          жауын-шашынның таралуын мұздықтардан да байқауға бола-                   б) мәселелердің көрініс
          ды. Солтүстік жартышарда минералды отынның негізгі бөлігі                дәрежесі;
          өндірілетіндіктен Гренландияның мұздық құрамында сульфат                 в) экологиялық салдары,
          пен қорғасын шоғырлануы артқан. Бали аралындағы Агунг жа-                қоршаған ортаға әсері.
          нартауының атқылауына байланысты сульфат шоғырлануының               3.   Арал мәселесінің
                                                                                   салдарынан қандай
          шегі Антарктида мұздықтарында айқын көрініс береді. Себебі
                                                                                   экологиялық, әлеу-
          жанартау сульфаттары стратосфераға жетіп, сол арқылы жер                 меттік-экологиялық, сани-
          шарына тарайды. Тянь-Шань, Памир тау мұздықтарын зерттеу                 тарлық-эпидемиология-
          соңғы кездерде олардың құрамынан Арал теңізінің құрғаған                 лық жағдай қалыптасты?
          табанынан көтерілген тұздардың кездесуін көрсетіп отыр.              4.   Құрлық суларының ласта-
             3. Жерасты суларының ластануы. Өнеркәсіптік және                      ну түрлерінің себептеріне
          тұрмыстық лас сулардың жиынтығы, сүзілу алаңдары, лас                    талдау жаса. Антропоген-
                                                                                   дік әсердің рөлі қандай?
          сулардың жердің төменгі қабатына сіңуі негізгі ластану көз-
          дері болып табылады.                                                 5.   Кешенді тазалау әдістерін
                                                                                   құрлық суларының қан-
             Жер бетіндегі табиғи су қорларының жай-күйін жақсар-
                                                                                   дай мәселелеріне қолдану
          туға, қалпына келтіруге және сақтауға бағытталған шаралар                тиімді?
          жүзеге асырылуы керек. Ластанған құрлық суларын кешенді              6.   Оқулықта берілген құр-
          әдістермен тазалау жұмыстары жүргізіледі. Қазіргі кезде ақаба            лық сулары мәселелерін
          суларды тазалаудың төмендегі әдістері қолданылады.                       шешуге қандай ұсыныс
             Механикалық тазалау суда ерімеген заттарды сүзгіден                   қосасың?
          өткізу, сорғыту, тоспалау және центрифугалау арқылы бө-              7.   Өз өлкеңдегі құрлық
          ліп алуға негізделген. Механикалық тазалаудан өткен суды,                суының бір түріне зерттеу
          әдетте хлорлау арқылы залалсыздандырады.                                 жүргіз. Шешу жолдарын
                                                                                   ұсын.
             Химиялық тазалау әдісі еріген заттармен ластанған өнер-
          кәсіптік ақаба суларды тазалау үшін қолданылады. Бұл таза-
          лау түрінде түрлі қоспаларды қосу арқылы судың құрамын

          жақсартады. Химиялық әдіс арқылы ластанған сулардағы
          ерімейтін заттардың мөлшерін 95%-ға дейін азайтуға болады.
             Биохимиялық тазалау кейбір микроағзалардың дамуы үшін
          ақаба сулардағы коллоидты және еріген органикалық заттарды
          пайдалану қасиетіне негізделген. Бұл әдіс арқылы органика-
          лық ластаушылардан толық дерлік тазартады. Биохимиялық
          тазалауды табиғи жағдайда жүргізеді, суармалы егінжайларда,
          сорғыту алаңдарында, биологиялық тоғандарда қолданылады.




                                                                                                         73
   68   69   70   71   72   73   74   75   76   77   78