Page 71 -
P. 71
textbooks nis edu kz
Каспий теңізі – дүниежүзіндегі ең үлкен су алабы. Еуразия
құрлығының ортасында, мұхиттардан оқшау жатқан ең үлкен
теңіз. Каспийдің су көлеміне қарап, теңіз деп атайды. Теңіз
5 мемлекеттің жағалауын шайып жатыр. Ауданы шамамен
2
371 000 км , тереңдігі –1025 м. Жағалау сызығының жалпы
ұзындығы – 7000 км, оның Қазақстанға тиесілі ұзындығы
2340 км құрайды. Теңіз суы – ащы, тұздылығы шамамен
12-13%о. Каспий ағынсыз теңіз, оған 130-ға жуық өзен құяды,
Каспий теңізі
ешбір өзен ағып шықпайды. Каспий теңізі туризмде, балық
шаруашылығында қолданылады. Мұнай мен газ өндіріледі.
? Каспий теңізінің географиялық орнын анықта.
Мұздықтар табиғаттағы су айналымына қатысады, мұхит
суларының температурасы мен тұздылығына, тау өзенде-
рінің ағысына реттеуші әсер береді. Мұздықтардың пайда
болуының басты екі факторы – бұл жер бедері және климат.
Климаттың әсері – температура төмен, жауын-шашын мөл-
шері көбірек болған сайын мұздықтардың түзілу мүмкіндігі
артады. Поляр маңы аудандарында жауын-шашын өте аз
болғанымен температура жыл бойы төмен болғандықтан,
осы аз ылғалдың өзі буланып кететіндей жағдай жоқ. Ал Арктиканың жамылғы
жыл бойы жоғары температура басым болатын төменгі мұздықтары
ендіктерде мұздықтар өте биікте (4000–6000 м) орналасады.
Себебі бұл биіктік – қардың шегарасы/қардың шегі осы биік-
тіктен жоғарыда қатқыл атмосфералық жауын-шашынның
жинақталуы оның еруі мен булануынан басым болады. Қар
жиегінің биіктігі географиялық ендікке, аумақтың климат
жағдайларына, беткейлердің бағдарына байланысты. Бұл
сызық экватордан полюстерге қарай төмендей береді, эква-
тор маңындағы тауларда 4500–5000 м, тропиктік ендіктерде
5000–6000 м, қоңыржай белдеуде 2500–4000 м биіктікте
өтеді, полярлық аймақтарда теңіз деңгейіне дейін түседі.
Қар жиегі биіктігімен мұздықтардың таралуы байланысты.
Құрлық мұздықтарын жамылғы (Антарктида мен Грен-
ландияны, Арктикалық аралдарды жауып жатқан тұтас мұз Хан Тәңірі массивінің
жамылғысы) және тау мұздықтары деп екіге бөледі. тау мұздығы
Сенің кезегің
1. Көлдердің қалыптасуы мен таралуына қандай факторлар әсер етеді?
2. Көлдердің өзеннен айырмашылығын қандай?
3. Картаны пайдалана отырып, үш ағынды және ағынсыз көлдерді ата.
4. Тақырыпта көлдерге берілген сипаттамаларды пайдаланып, сипаттау жоспарын құрастыр.
5. Қазақстанда көлдердің пайда болуының қандай түрі басым?
6. Физикалық картаны пайдаланып, бір көлге сипаттама бер.
7. Тау және жамылғы мұздықтардың климаттық өзгерісін талда. Мұндай өзгерістердің экологиялық,
экономикалық салдары қандай?
8. Тақырыпта берілген номенклатура нысандарын картадан көрсет.
71

