Page 74 -
P. 74

textbooks nis edu kz
            3.3.7 Су апаттары




                Қауіпті гидрологиялық апаттардың туындауы құрлық-
            тағы су нысандарымен байланысты болады. Олар құрлық                   Сен:
            суларындағы түрлі табиғи немесе ағын сулар жылдамдығы                 ✔	 су апаттарының алдын
            әсерінен туындайды. Гидрологиялық қауіпті құбылыстарға                   алу шараларын ұсынуды
                                                                                     білетін боласың.
            құрлық суларында кездесетін су тасқыны, су тасу, сең жүру,
            желқума, су бөгеті жарылған кездегі су басу, жерасты сулары
            деңгейінің көтерілуі жатады. Теңіздік гидрологиялық қауіпті
            құбылыстар: тайфундар, теңіз деңгейіндегі қатты толқулар.
                Бұқаралық ақпарат құралдары материалдарынан Қазақ-
            станда болған гидрологиялық апаттардың хронологиясы:
                2010 жыл. Қызылағаштағы су тасқыны. 2010 жылғы
            нау рыздың 11-нен 12-не қараған түні суқоймасы бұзылып,
            биіктігі 5 метрден асатын тасқын жолындағының барлығын
            жапырып кетті.
                2011 жыл. Көктем шыға Батыс Қазақстан облысы жаң-
            быр дан көз ашпады. Жауын-шашын онсыз да кемеріне тақап
            тұрған өзендердің суын арнасынан асырып жіберді. Соның                           Бөгет
            салдарынан Батыс Қазақстан облысында бірнеше ауылды су
            басып, жүздеген отбасы қауіпсіз жерге көшірілді. 3 мыңнан астам үй су астында қалған.
                2012 жыл. Оңтүстік Қазақстан облысының 9 ауданында өзен суы тасып, тұрғындар
            айтарлықтай жапа шекті. Толассыз жау ған жаңбыр талай үйге ауыртпалық әкелді.
                2013 жыл. Оңтүстік Қазақстан облысының Сарыағаш ауданындағы су тасқынынан
            келген шығын шамамен 201 миллион теңгені құрады. Көктемгі қар суына араласа жауған
            жауынның салдарынан Ошақты ауылында су 2674 метр бөгетті бұзып, Саңырау мен Итеріс
            арналарының өткізу қабілеті төмендеді. 12-13 қаңтарда Сарыағаш ауданында 169 үй мен
            ауланы су басты. 5 көпір, 26 жол өткелі бұзылды.
                                                                                    2014  жыл.  31  наурызда
                                                                                  Қарағанды облысының Көк-
                                                                                пекті ауылында суқойма бөгеті
                                                                                жарылып, тасқын су ауылдың
                                                                                бір бөлігін шайып кетті.
                                                                                    2015  жыл.  23  шілдеде
                                                                                Алматының Наурызбай ауда-
                                                                                дегі кейбір үйлерді тасқын су
                                                                                нында сел жүріп, елді мекен-

                                                                                басты.
                                                                                    2016  жыл.  Ақмола  об-
                                                                                лысы  Оразақ  ауылындағы
                                                                                3 бөгеттің екеуін тасқын су
                                                                                бұзып, 2 мыңдай адам зар-
                                                                                дап шекті.
                2014 жылы Қарағанды облысындағы Көкпекті өзенінің тасуы



              74
   69   70   71   72   73   74   75   76   77   78   79