Page 70 -
P. 70
textbooks nis edu kz
3.3.5 Көлдердің түрлері
Жалпы алғанда, көлдер құрлық ауданының 2%-ға жуығын
ғана алып жатыр. Бірақ көлдер құрлықта біркелкі таралмаған. Сен:
Өйткені аумақтағы көлдердің санына (көлділік) климат пен ✔ көлдер мен
жер бедерінің сипаты тікелей әсер етеді. Климаты ылғалды, мұздықтарды жоспар
бойынша сипаттауды
ойыстар мен қазаншұңқырлар көп кездесетін аумақтарда
білетін боласың.
көлділік деңгейі де жоғары болады.
Көлдердің пайда болуының себептері қазаншұңқырлар-
мен сипатталады.
Тектоникалық көлдер – жер қыртысы жарықтарында
судың жиналуынан пайда болған көлдер. Әдетте, бұл көлдер
терең, созылыңқы және ауданы үлкен болып келеді. Бұл топқа
Байкал, Марқакөл, Виктория жатады.
Мұздық көлдер мұздықтардың эрозиялық жұмысының
әсерінен, әсіресе төрттік дәуірде пайда болған (Ладога, Үлкен
Арбер және т. б.). Тектоникалық көл
Жанартаулық көлдер – сөнген жанартаулардың кратеріне
су толу арқылы қалыптасқан көлдер. Сондықтан да сұлбасы
дөңгелек, құйғы тәрізді болып келеді (Кроноц көлі).
Карстық көлдер әктас тау жыныстары таралған аудандарда
қалыптасады. Себебі әктастар суда жақсы ериді. Бұл көлдердің
қазаншұңқырлары кішігірім, терең болып келеді (Изьер көлі).
Қалдық көлдер – бір кездегі аса ірі теңіз алабының ор-
нында қалған көлдер. Олардың қатарында дүниежүзіндегі
Жанартаулық көл
ең үлкен көл – Каспий теңізі бар.
Су режиміне қарай көлдер ағынды (өзен ағып шығатын
көл) және ағынсыз (өзендер келіп құйғанымен, ағып шық-
пайды) көлдер болып жіктеледі.
ағынды, тұщы ағынсыз, тұзды
Көлдер режимі: а) ағынды көл; ә) ағынсыз көл.
Мұздық көл
Өзендермен салыстырғанда көлдердің суы едәуір ащы
болады. Ағынды көлдердің суы, негізінен, тұщы, ал ағынсыз
тұйық көлдер көбінесе ащы келеді.
Тіпті бір көлдің өзінің жеке бөліктерінің суы тұздылығы
жөнінен айырмашылық жасауы мүмкін. Балқаш көлінің батыс
бөлігіне келіп құятын су мөлшері шығыс бөлігіне қарағанда
5 есе көп, сондықтан батысындағы су тұщы болып келеді.
Көлдер суындағы тұздылық көрсеткіші 14-тен 300 г/л-ге дейін
жетеді. Тұздылығы өте жоғары көлдер қатарына АҚШ жеріндегі
Карстық көл
Үлкен Тұзды көл, Оңтүстік-Батыс Азиядағы Өлі теңіз жатады.
70

