Page 72 -
P. 72

textbooks nis edu kz
            3.3.6 Құрлық суларының сапасын сақтау





                                                                                  Сен:
                                                                                  ✔	 құрлық суларының
                                                                                     экологиялық
                                                                                     проблемаларын жіктеп,
                                                                                     шешу жолдарын ұсынуды
                                                                                     үйренетін боласың.
                 Арал мәселесі – адамның іс-әрекетінің салдарынан болған эколо-
             гиялық дағдарыстың неғұрлым айқын көрінісі. XX ғасыр дың 60-жыл-
             дарындағы Арал алабында су тұтынудың едәуір артуы теңіз деңгейі-
             нің апатты түрде төмендеуінің негізгі себебі болды. Әмудария және
                                                                   3
             Сырдария су ағынының азаюы 1960 жылдардағы 50–60 км -тен 1990
                             3
             жылдары 5–7 км -ге дейін байқалды. Теңіз су көлемінің динамикасы
             1960 ж. – 53 м, 1987 ж. – 40,3 м, 1992 ж. 37,3 м-ге дейін төмендеген.
                 1990 жылда теңіз айдынының ауданы 45%-дан астам кішірейіп,
             судың көлемі 65%-ға кеміді, судың тұздылығы 3 еседей артты. Суы
                                               2
             тартылған теңіз аумағында 30 мың км -ден астам жер шөлге айналды,
             олардан жылына 40–150 тоннаға дейін тұзды жел атмосфераға көте-
             рілген. Арал маңында антропогендік шөлдену үдерісі жедел өршіп,
             климаттың континенттілігі күшейді, шаңды дауылдар жиіледі, топырақ
             қабаты, өсімдік жамылғысының нашарлауы, ауыл шаруашылығына
             тигізген кері әсері орасан болды. Табиғи орта сапасының нашарлауы    1-сурет. Механикалық тазалау
             салдарынан жергілікті халық денсау лығына қауіпті төтенше экология-
             лық, әлеуметтік-экологиялық, санитарлық-эпидемиологиялық жағдай
             қалыптасты.

                Құрлық суларында қалыптасатын экологиялық мәселе-
            лерге судың сарқылуы және судың ластануы жатады. Эко-
            логиялық мәселелер ауқымы жағынан ғаламдық, аймақтық,
            жергілікті болып бөлінеді.
                Құрлық сулары экологиялық мәселелерінің бірнеше түрін
            қарастыруға болады.
                1. Өзендер мен көлдердің ластануы. Құрлық суларын
            қорғау мәселелері әсіресе өнеркәсібі дамыған елдердің                  2-сурет. Химиялық тазалау
            алдында өткір қойылып отыр. Өзен, көл суларының ластану
            түрлері шаруашылық салаларында, жылу және электр стан-
            цияларының агрегаттарын салқындатуда, үй-жай шаруашы-
            лығының ағындыларында кеңінен қолданылады. Мысалы,

            Рейн өзенінің ағындысымен Солтүстік теңізге жылына ша-
            мамен 24 млн тонна қалдықтар шығарылады.
                Балқаш көлінің экологиялық мәселелері Қапшағай су электр
            станциясының салынуынан Іле өзені арнасының бөгелуіне
            байланысты туындады. Қапшағай СЭС-і қосылған соң, тас-
            қын су шығымы 1600–1800 м /с-тан 700–800 м /с-қа дейін
                                             3
                                                                 3
            төмендеген. Балқаш металлургия кәсіпорындарының өндіріс                 3-сурет. Ағынды суларды
            қалдықтарының әсерінен суда ауыр металдар, мыс, мырыш,                    биохимиялық тазалау


              72
   67   68   69   70   71   72   73   74   75   76   77