Page 87 -
P. 87
textbooks nis edu kz
Климаты қоңыржай және ылғалды. Жаз айларының орташа температурасы
0
+10+15 С, қыста –4–8 С. Жауын-шашын мөлшері – 1500–3000 мм. Ландшаф-
0
тысында биіктік белдеулер айқын байқалады. Тау етегі мен тау беткейлері
(800–1000 м) және таулық белдеу (1800 м). Бұл белдеулер жалпақжапырақты
ормандармен көмкерілген. Мәңгі жасыл бұталар мен аласа ағаштар: бүлдір-
ген ағашы, мирт, аласа тас емен өседі. Түлкі, қасқыр, тиін, жабайы мысық
кездеседі. Субальпілік белдеудің (2300 м-ге дейін) климаты суық, желі қатты
болады, қар қалың түседі. Белдеуде биік таудың бұталы және шалғынды
өсімдіктері өседі. Одан әрі нивальдық белдеу орналасқан. Бұл белдеу тасты,
мұзды болып келеді. Альпіде антропоген дәуірінде төрт рет мұзбасу болды.
2
Мұздықтардың жалпы ауданы шамамен 4140 км . Орманның қоңыр түсті,
күлгін және таудың сұр топырағы басым.
Сенің кезегің
1. Жер бетінде қандай ұқсас табиғат зоналары таралған? Табиғат зоналары картасынан анықта.
2. Прерий деп аталу себебі неде?
3. Прерий мен дала зонасына қатысты ұқсас қасиеттерді анықта.
4. Өз таңдауыңмен ұқсас табиғат зонасына тақырыптағы кесте жоспары бойынша сипаттама бер.
Қорытынды жаса.
5. Альпі биіктік белдеуі туралы мәтін мен суретті пайдаланып, биіктік белдеу сызбасына талдау жаса.
Альпінің сызбасы алдыңғы тақырыптағы биіктік белдеуінде көрсетілген.
6. Өз таңдауыңмен Альпіге ұқсас биіктік белдеуді салыстыр. Нәтижесін жоғарыдағы кесте түрінде
жазып шық, қорытып талда.
Солтүстік Американың Сеңгір таулары
87

