Page 88 -
P. 88

textbooks nis edu kz
            3.4.5 Мұхиттағы тіршілік дүниесі




                Дүниежүзілік мұхит суы өсімдіктер мен жануарлар тірші-
            лігіне өте қолайлы. Мұхит тіршілігінің таралуы судағы оттек           Сен:
            пен қоректік заттарға, тұздылығына, температурасына, ты-              ✔	 мұхиттағы тіршілік
            ғыздығы мен тазалығына байланысты.                                       дүниесін анықтап,
                                                                                     графикалық түрде
                Дүниежүзілік мұхиттағы тіршіліктің таралуына климат, те-
                                                                                     бейнелеп сипаттауды
            реңдік және жағалаудан алыс-жақындығы әсер етеді. Мұхит-                 білетін боласың.
            тағы тіршіліктің таралуы тереңдік пен географиялық ендікке
            байланысты. Мұхиттардың 11 мың км тереңдікке дейінгі бар-
                                                                                  Сен білесің бе?
            лық су қабаттарында мұхит ағзалары мекендейді. Мұхиттың
                                                                                     Мұхитта флораның шама-
            әртүрлі деңгейінде ағзалардың мекендейтінін 1-суреттен бай-
                                                                                  мен 10 мың түрі, фаунаның 160
            қауға болады.                                                         мыңнан астам түрі бар. Жал-
                Дүниежүзілік мұхитты мекендеуші барлық тірі ағзалар               пы алғанда, олардың салмағы
            3 топқа бөлінеді.                                                     60–70 млрд т-ға жетеді. Мұн-
                Планктон (енжар жүзушілер) – су ағыстарымен бірге                 да қарапайымдардан бастап,
                                                                                  күрделі сүтқоректілерге дейін
            қозғалып жүретін  микроскопиялық балдырлар мен ұсақ
                                                                                  тіршілік етеді.
            жануарлар. Планктондарға шаянтәрізділер, қарапайымдар,
            ішекқуыстылар, ұлулар, омыртқасыздар жатады. Фотосинтез
            жақсы жүретін судың жоғары қабатында 50–100 м терең-
            дікте фитопланктондар таралады. Зоопланктондар судың
            барлық қабатында кездеседі. Планктондар – балықтар мен
            басқа да суда тіршілік ететін ағзалардың қорегі.

































                                        1-сурет. Мұхит түбіндегі тіршілік дүниесі



              88
   83   84   85   86   87   88   89   90   91   92   93