Page 89 -
P. 89
textbooks nis edu kz
Нектон (белсенді жүзушілер) – суда еркін жүзетін, ағыс тарға қарсы едәуір
қашықтыққа қозғала алатын ағзалар. Нектонға балықтар, тасбақалар, каль-
марлар, киттер, дельфиндер, пингвиндер, ескекаяқтылар және т.б. жатады.
Бентос (су түбі ағзалары) – мұхит жағалауынан ең үлкен тереңдіктегі
өсімдіктер мен жануарлар. Бентосты мұхит түбінде бекініп тіршілік ететін
өсімдіктер мен жануарлар дүниесі құрайды. Оларға ұлулардың көптеген түр-
лері, шаянтәрізділер, губкалар, маржандар, тікентерілілер және т.б. жатады.
Мұхит суындағы зоналылықтың тереңдікке қарай жіктелуі. Тереңді-
гіне қарай мұхит мынадай географиялық кешендерге бөлінеді:
1) 0 м –литораль, теңіздер мен мұхиттардағы толысу кезеңі кезіндегі су
басатын, ал бұған керісінше жағдайда құрғап қалатын жағалау бөлігі;
2) 200 м – субтидаль, фотосинтез жүретін су кеңістігі;
3) 200–3000 м – батиаль, материктік қайраң мен материктік беткейдің
шектесу аймағына сәйкес келеді;
4) 3000–5000 м абиссаль, материктік беткейдің ең шеткі бөлігіне сәйкес
келеді;
5) 5000 – 6000 м – ультраабиссаль, мұхит шұңғымаларына сәйкес келеді;
6) 6000 –7000 м – хадаль, түпкі жер бедерінде терең шұңғымаларға сәйкес
келеді.
Ендік бойынша мұхиттағы тіршіліктің таралуы
Арктикалық және антарктикалық белдеу суларында тіршілік кедей болады.
Планктон жаз мезгілінде және тек мұздан босатылған жерлерде ғана дамиды.
Қоңыржай белдеуде жыл бойы мұхит суының температурасы 0° C-тан
жоғары болады. Суда еріген көп мөлшердегі оттек тіршіліктің қарқынды да-
муына әкеледі. Қоңыржай белдеу суларында батыс желдер мен ағыстардың
әсерінен еріген оттек мөлшері артады, мұнда планктонмен қоректенетін
балықтар көп таралған. Орташа ендіктер балықтарға бай.
Тропиктерде беткі су қабатының температурасы мен тұздылығы жоғары,
су массаларының алмасуы баяу болғандықтан тіршілік мөлшері азаяды.
Алайда ыстық белдеулерінде жылусүйгіш балықтар мен бентостық ағзалар
(маржандар, ұлулар, эхинодермділер, шаянтәрізділер) бар.
Ал экватор маңында тірі ағзалар саны қайта артады. Экваторлық бел-
деу де жыл бойы судың температурасы жоғары. Мұхитқа қоректік заттарды
тасымалдайтын ірі өзендердің сағасына жақын жерде тіршіліктің қарқынды
дамуы байқалады. Мұхит түбінде көптеген маржанды құрылымдар бар. Қа-
зіргі кезде мұхит зоналылығы О.К. Льеонтьев аудандастыруы бойынша арк-
тикалық, суб арктикалық, солтүстік қоңыржай, экваторлық-тропиктік, оңтүстік
қоңыржай, суб антарктикалық, антарктикалық болып 7 зонаға ажыратылады.
Қазақстанның мұхитқа ең жақын арақашықтығы – 3000 км. Нұр-Сұлтан
қаласында теңіз жануарларын бақылауға арналған арнайы жабдықталған
океанариум бар.
89

