Page 211 -
P. 211
textbooks nis edu kz
9.88 M(‒3; 4) нүктесі арқылы өтетін және келесі шартты қанағаттанды-
ратын түзудің теңдеуін жаз:
а) AВ түзуіне параллель болатын, мұнда A(1; 1), B(0; 5);
ә) CD түзуіне параллель болатын, мұнда C(‒4; 0), B(7; 2).
9.89 Келесі жағдайлардың әрқайсысында — координаталар басы
торкөз қиылыстарының бірінде, ал координаталық осьтер торкөз
сызықтарымен сәйкес болатындай етіп, координаталар жүйесін енгіз.
Суреттегі фигураның қабырғаларын қамтитын түзулердің енгізілген
координаталар жүйесіндегі жалпы теңдеулерін тап
а) ә) б)
9.90 Координаталар басынан 3x 4y 80 теңдеуімен берілген түзуге y
дейінгі арақашықтықты тап
B
Бұл есептің сұрағын басқаша тұжырымдайық: AOB тікбұрышты
үшбұрыштың (оң жақтағы сурет) биіктігін тап. Ол үшін келесі амалдар M
тізбегін орында: түзудің координаталық осьтермен қиылысу нүктелерін
тап AOB үшбұрышының ауданын тап үшбұрыш ауданының A
формуласын пайдаланып, OM биіктігін өрнекте OM биіктіктің 0 x
ұзындығын есепте.
Кесінділер мен сәулелер — түзудің бөліктері болып табылады, оларды
түзу теңдеуі және сәйкес теңсіздіктер арқылы беруге болады. Мысалы, y
8.83-тапсырмасындағы АВ кесіндісін келесідей беруге болады: 4 M
2
x
3x 4y 0 2 . 1 K
80,
3 0 2 5 7 x
9.91 Кілем түрлері көп, тоқыма білдегін қолданып, тіпті қолмен де тоқыл-
ған. Киізден жасалған кілемдер киіз үйдің қабырғаларына ілінген,
еденге төселген. Киізден жасалған кілемдерде сатылы ромб тәрізді
бейнеленген өрнектер жиі кездеседі.
8-сынып оқушысы киізден жасалған кілемнің бір өрнегінің суретін салды.
Координаталық осьтерді ол қабырғалары қос-қостан өзара параллель болатын
сыртқы көпбұрыштың қабырғаларының орта нүктелері арқылы жүргізді.
Ішкі көпбұрыштың, ромбтың, қабырғалары сыртқы көпбұрыштың сәйкес
қабырғаларына параллель болады. Мысалы, бірінші ширектегі ромбтың
қабырғасы сыртқы көпбұрыштың МK қабырғасына параллель. Оқушының
суретіндегі көпбұрыштың қабырғалары болып табылатын кесінділерді
теңдеулер мен теңсіздіктер арқылы көрсет.
211

