Page 64 -
P. 64
textbooks nis edu kz
Есте сақта! Параллелограмның ауданы оның қабырғасы мен оған жүргізілген
Параллелограмм биіктіктің көбейтіндісіне тең.
ауданының
формулалары Параллелограмның ауданы оның сыбайлас бұрыштары мен олар-
S = ah = bh b дың арасындағы бұрыштың синусының көбейтіндісіне тең.
a
S absin
6.51 Параллелограмның ауданын тап, егер:
а) оның қабырғасы 7 см-ге тең, ал оған жүргізілген биіктік — 10 см;
ә) оның қабырғалары 5 және 8 см-ге тең, ал олардың арасындағы
бұрыш — 120°.
2
6.52 Параллелограмның ауданы 22 см -қа, ал қабырғаларының бірі 23 1+
см-ге тең. Осы қабырғаға жүргізілген биіктікті тап.
6.53 Суретте бейнеленген параллелограмдардың қайсылары тең шамалы?
A B C D E F G
6.54 Параллелограмның қабырғалары 7 және 18 см-ге тең, ал
диагональдарының бірі қабырғасына перпендикуляр. Осы
параллелограмның ауданы қандай?
6.55 Параллелограмның периметрі 3 дм-ге тең, ал биіктіктері — 3 және
7 см. Осы параллелограмның ауданын тап.
6.56 Параллелограмның қабырғалары 6 және 8 см-ге тең, ал биіктіктерінің
бірі 5 см-ге тең екендігі белгілі. Екінші биіктікті тап. Шешіміңді
сыныптастарыңмен талқыла.
6.57 Параллелограмның доғал бұрышының төбесінен жүргізілген
биіктіктер 18 және 32 см-ге тең, ал олардың арасындағы бұрыш
45° құрайды. Параллелограмның ауданын тап.
6.58 Параллелограмның бұрыштарының қатынасы 1:3, қабырғаларының
қатынасы 3:5. Егер параллелограмның периметрі Р болса, онда оның
ауданы қандай?
64

