Page 65 -
P. 65
textbooks nis edu kz
6.59 Параллелограмның доғал бұрышының төбесінен жүргізілген
биіктіктер арасындағы бұрыш 30°-қа тең. Биіктіктерінің бірі өзі
түсетін қабырғаны 1 және 5 см болатын кесінділерге бөледі. Тап:
1. параллелограмның бұрыштарын;
2. параллелограмның қабырғаларын;
3. параллелограмның ауданын. Есептің неше шешімі бар?
6.60 Практикалық жұмысты орында. Жұмыс үшін керегі:
сусын түтікшесі сызғыш қайшы жіп
1. Екі түтікшенің ұзындығын бірдей, тағы екі түтікшенің ұзындықтары да
бірдей, бірақ бірінші екі түтікше ұзындықтарынан басқа болатындай етіп кес.
2. Түтікшелерді параллелограмм шығатындай етіп, тізбектей жіппен қос.
3. Шыққан параллелограмның қысқа қабырғалары арасындағы, содан кейін
ұзын қабырғалары арасындағы арақашықтықты өлше. Осы арақашықтықтар
параллелограмның биіктіктеріне тең.
4. Паралелограмның пішінін өзгерт және 3)-қадамды қайтала.
5. Параллелограмның биіктіктерін салыстыр. Шыққан нәтижені түсіндіруге
тырысып көр.
6. Жоғарғы табанды төменгі табанға қатысты баяу жылжыт. Қалай ойлайсың,
параллелограмм ауданымен не болып жатыр?
7. Параллелограмның ауданы ең үлкен болуы үшін оның қабырғалары қалай
орналасу керек?
Олимпиадаларға дайындалайық
1. Тастақтайша пішіні катеттері 1 және 2 дм болатын тікбұрышты
үшбұрыш. Осындай 20 тастақтайшадан шаршы құрауға бола ма?
(Қалалар жарысы)
2. Алаң 25 шаршыға кесілді, оның біреуінің қабырғасының ұзындығы
1-ден өзгеше (басқаларының әрқайсысы үшін қабырғалары 1-ге
тең). Алаңның ауданын тап.
(Қалалар жарысы)
65

