Page 63 -
P. 63

textbooks nis edu kz
          6.5   Параллелограмм ауданы


         6.47   1.   Параллелограмм сал және доғал бұрышының төбесінен қара-
                  ма-қарсы қабырғаларға перпендикулярлар түсір. Осы перпен-
                  дикулярлар параллелограмның биіктіктері деп аталады.
               2.   Сүйір бұрышының төбесінен биіктіктер жүргіз, олардың табан-
                  дары параллелограмм қабырғаларының жалғастарында жатады.                      биіктік
               3.   Неге биіктіктер жұп-жұбымен тең, түсіндір.
               4.   Параллелограмның  бір  төбесінен  жүргізілген  биіктіктерінің  ара-       биіктік
                  сындағы бұрыш параллелограмның бір бұрышына тең екендігін
                  дәлелде.

         6.48   Ерекшеленген сөздердің ішінен келесі тұжырымдар үшін керегін
               таңда. Таңдауыңды негізде.

               1.   Параллелограмның диагоналі оны екі қабырғалары әртүрлі /
                  сүйір бұрышты / тең шамалы үшбұрышқа бөледі.
               2.   Параллелограмның бұрышының биссектрисасы одан қабырғалары
                  әртүрлі / теңбүйірлі / дұрыс үшбұрыш қиып алады.
               3.   Параллелограмның  диагональдары  қиылысу  нүктесімен
                  пропорционал / тең кесінділерге бөлінеді.
               4.   Параллелограмның диагоналі оның биіктіктерінің біріне тең бола
                  алады / бола алмайды.
               5.   Параллелограмның көршілес бұрыштарының синустары тең /
                  қарама-қарсы.
               6.    Егер жазықтықта параллелограмның үш төбесі белгіленген болса, оны
                  бір / екі / үш тәсілмен параллелограмға дейін толықтыруға болады.
               7.    Кейбір параллелограмдар тіктөртбұрыш / трапеция / ромб
                  болып табылады.

         6.49  Қағаздан параллелограмм қиып ал.

               а)  Бүктеу арқылы оның биіктіктерінің орналасуларын анықта.
               ә)   Параллелограмды тіктөртбұрыш жинауға болатындай екі бөлікке
                  бөл.
         6.50   ABCD параллелограмында AD қабырғасына немесе оның жалғасына
               В және С төбелерінен биіктіктер түсірілген.

               1.   Ауданның қасиеттерін қолданып, ABCD параллелограмы және
                  ВСНК тіктөртбұрышы тең шамалы екендігін дәлелде.                                  a
               2.   Қабырғасы мен биіктігі арқылы параллелограмм ауданын есептеу            B              C
                  формуласын жаз.
               3.  Параллелограмның биіктігін оның қабырғасы мен бұрышы арқылы                h             h
                  өрнекте.
               4.    Қабырғалары мен олардың арасындағы бұрышы арқылы паралле-          A     K       D     H
                  лограмм ауданын есептеу формуласын жаз.
                                                                                                           63
   58   59   60   61   62   63   64   65   66   67   68