Page 68 -
P. 68
textbooks nis edu kz
6.73 ABCD тіктөртбұрышында 23 см-ге тең АС диагоналі AD қабырға-
B K C
сымен 30° бұрыш құрайды. АК кесіндісі ВАС бұрышының биссек-
трисасы, ал СМ кесіндісі АК-ға параллель. ABCD тіктөртбұрышының
және АКСМ төртбұрышының аудандарын тап.
A M D
6.74 АВСD тіктөртбұрышы радиусы 10 см жарты шеңберге іштей сы-
зылған. Оның А және D төбелері жарты шеңберді шектеп тұрған
диаметрде орналасқан. Егер тіктөртбұрыштың ауданы 96 см болса,
2
B C оның қабырғалары қандай бола алады?
Нұсқау:
A D Тіктөртбұрыштың қабырғалары х және у болсын. х пен у-тің
x 1 y 100 шартын қанағаттандыратынын көрсет. Сосын екінші тең-
2
2
4
деуді құрып, алынған теңдеулер жүйесін шеш.
6.75 АВСD параллелограмында А бұрышы сүйір, ал К және М нүктелері —
сәйкесінше ВС және АD қабырғаларының орталары. ВКDМ төрт-
бұрышы — ромб, оның кіші диагоналі 4 см-ге тең және ∠ВМD = 120°.
1. Неге ромбтың ауданы параллелограмм ауданынан екі есе кем екен-
дігін түсіндір.
2. Ромбтың ауданын тап.
3. АD және ВС түзулері арасындағы арақашықтықты тап.
4. Параллелограмның диагональдарының ұзындықтарын тап.
6.76 Біздің заманымыздың басты экологиялық мәселелерінің
бірі — қоқысты жою. Мысалы, пластикалық қалдықтар ға-
ламшарға үлкен зиян келтіреді, өйткені пластик мыңдаған
жылдар бойы бөлшектеніп, зиянды заттарды бөліп шыға-
рады, ал оны өртеу кезінде ағзаға зиянды ауыр металдар
бөлінеді. Бұл мәселені шешудің бір жолы — қоқысты
қайта өңдеу. Қоқысты сұрыптау үшін әртүрлі түстердегі
контейнерлер қолданылады. Суреттегі контейнерлер биік-
тігі 60 см, ал табанының өлшемдері 30 см × 40 см болатын
тікбұрышты параллелепипед пішінді. Саябақта осындай
а) Егер 1 м² үшін 280 г бояу жұмсалса, әр түс бойынша олар-
4-бөлімді 20 қоқыс жәшіктері орнатылады.
ды бояту үшін қанша бояу жұмсалады?
ә) Контейнерде «ҚАҒАЗ», «ПЛАСТИК», «ШЫНЫ», «МЕ-
ТАЛЛ» деген жазуларды орналастыру керек. Егер бір
әріптің орташа ауданы 0,5 дм² болса, бұл үшін қанша ақ
түсті бояу керек?
68

