Page 99 -
P. 99

textbooks nis edu kz
           «Аудан» тарауына шолу

                                                                      a)               ә)
         1.   Берілген суреттерде көрсетілген ауданның қасиет-
            терін тұжырымда.

         2.   Үшбұрыштың барлық орта сызықтары жүргізілді.
            Қанша тең шамалы үшбұрыш пайда болды?
                                                                      б)
         3.   Дұрыс үшбұрышты 3 тең шамалы бөлікке бөлудің
            кем дегенде үш әдісін ұсын.

         4.   Өрнектің мәнін тап:

         а)  sin20° – sin40° + sin60° – sin80° + sin100° – sin120° + sin140° – sin160°;
         ә)   sin20° · sin40° · sin60° · sin80° · sin100° · sin120° · sin140° · sin160° · sin180°.


         5.    ABCD  параллелограмының  AB  қабырғасы  8  см-ге  тең,  ал  AD
            қабырғасына  жүргізілген  биіктік  5  см-ге  тең.  BАD  бұрышының
            биссектрисасы ВС қабырғасын айырмасы 3 см болатын кесінділерге
            бөледі. Параллелограмның ауданы қандай бола алады?

         6.   PQRS параллелограмының QR үлкен қабырғасы 5 см-ге тең. Р және Q
            бұрыштарының биссектрисалары QR және PS қабырғаларын сәйкесінше
            А және В нүктелерінде қиып өтеді.


            а)   ABPQ төртбұрышы ромб болатынын дәлелде.
            ә)   О нүктесі — ABPQ ромбының диагональдарының қиылысу нүктесі
               болсын. Егер cosQPО = 0,8 және QО = 2 болса, ромбтың қабырғасы
               мен диагоналін тап.
            б)   Ромбтың ауданын есепте.
            в)   PQRS параллелограмының бұрыштарының синустары 0,96-ға тең
               екендігін көрсет.
            г)   Берілген параллелограмның ауданын тап.


         7.   Параллелограмның диагональдары оны аудандары тең төрт үшбұрышқа
            бөлетінін дәлелде.

         8.    Теңбүйірлі үшбұрыштың бүйір қабырғасы 6 см-ге тең, ал осы қабырғаға
            жүргізілген медиана 5 см-ге тең. Тап:

             а)   үшбұрыштың ауданын;        ә)   үшбұрыштың табанын.

         9.     Асқар мен Біржан барлық биіктіктері 1 см-ден кем, ал ауданы 1 м -тан
                                                                               2
            артық үшбұрыштың бар жоқ екені туралы айтысып жатыр. Ал сен осы
            жайлы не ойлайсың?

                                                                                                           99
   94   95   96   97   98   99   100   101   102   103   104