Page 95 -
P. 95

textbooks nis edu kz
            1.  ABCD параллелограмын сал, диагональдардың қиылысу О нүктесін
              белгіле  (дұрыс  4-бұрышты  пирамиданың  табаны  шаршы  болса
              да,  суретте  оны  параллелограмм  ретінде  көрсетеді,  себебі  кейбір
              кеңістіктегі  фигураларды  бейнелеу  кезінде  олардың  бейнелері
              қиғашталуы мүмкін).
            2.  О нүктесінен тік жоғары ОР кесіндісін сал. Бұл кесінді пирамиданың
              табанына перпендикуляр және пирамиданың биіктігі деп аталады,
              ал Р нүктесі — пирамиданың төбесі.
            3.   Р нүктесін табанының төбелерімен кесінділер арқылы қос.
            4.   Пирамиданың көрінбейтін қырларын үзік сызықтармен алмастыр.

            ә)   Дұрыс пирамиданың бүйір жағының биіктігі апофема деп аталады.

            Н  нүктесі  —  CD  қырының  ортасы.  РН  кесіндісі  неге  апофема
         болатынын түсіндір.


         6.186   1989 жылы Париждегі Луврдың ішкі ауласында
                 шыны  пирамидасы  салынды.  Пирамиданың
                 шаршы табанының ұзындығы 35 м, ал биіктігі
                 21,65 м. Пирамиданың беті ромб тәрізді және
                 үшбұрышты шыны сегменттерден тұрады.

            а)  6.185-тапсырмасының суретін қолданып,   O 90

              болатын  ∆OPH -тан  пирамиданың  апофемасын
              0,01 м дәлдігімен тап.
            ә)  Пирамиданы  салу  үшін  неше  м   шыны  қажет
                                                 2
              болды?



           Олимпиадаларға дайындалайық
           ABCD  шаршысының  4-ке  тең  әр  қабырғасы  үш  нүктемен  тең  бөлік-
           терге  бөлінген.  Әр  қабырғасында  осы  нүктелердің  бірі  таңдалған.
           Таңдалған нүктелер төртбұрыш шығатындай тізбектей қосылған. Осы
           төртбұрыштың ауданы неге тең бола алады? Барлық мүмкін болатын
           мәндерін жаз, жауапты негіздеу талап етілмейді.

                                     ((Геометриядан 4-ші халықаралық Иран олимпиадасы,
                                                 2017 жыл, бірінші лига, 7–8-сыныптар))
















                                                                                                           95
   90   91   92   93   94   95   96   97   98   99   100