Page 28 -
P. 28

Литосфералық катаклизмнің келесі түріне жанартау атқылау
                                       жатады. Жанартау – көмейінен ыстық газ, бу, күл, тас т. б. тау
                                       жыныстары атқылап тұратын және жер бетіне отты қоймалжың
                                       зат – лава тасып төгілетін конус формалы тау.
                                           Магма ошағынан жоғары қарай жанартау көмейі орналаса-
                                       ды. Көмей жоғарыдағы тостаған тәрізді кратермен аяқталады.
                      ЖОБАЛЫҚ НҰСҚА
                                       Жанартау атқылаудың алдында жер астынан гүріл естіледі,
             вулкандық   стромболий-   кратерден газ бен бу шыға бастайды. Бу мен күл биік бағана
                             лік
                                       тәрізді көтеріліп, жоғарғы жағына бұлт түрінде жайылады. Күл
                                       өте ұсақ тозаңдардан тұрады, ол жанартаудың етегі мен маңай-
   Барлық құқықтар "Назарбаев Зияткерлік мектептері" ДБҰҰ-ға тиесілі
                                       ын қалың қабат құрап басып қалады. Жанартау үстінде пайда
                                       болған бұлттан нөсер жаңбыр жауады, күн күркіреп, найзағай
                                       жарқылдайды. Тау беткейінен күл араласқан лай тасқыны
                                       сел болып ағады. Жанартаудың атқылау түрлері: вулкандық,
                                       стромболийлік, исландиялық, пелейлік, гавайлық, плинийлік.
           исландиялық     пелейлік
                                        СЕН БІЛЕСІҢ БЕ?
                                       1669 ж. Этна жанартауының (Италия) атқылауы салдарынан 100 мыңға
                                       жуық адам зардап шекті. 1815 ж. Тамбор (Индонезия) жанартауы адамзат
                                       тарихындағы күшті жанартаулардың бірі болды – 92 000 адам қаза тапты.
                                       1883 жылы Кракатау (Индонезия)  жанартауы атқылаған кезде 32 мыңға
                                       жуық адам қайтыс болды. Жанартау атқылауы мемлекетке тек адам шығы-
                                       нын емес, қаржылай да шығын алып келеді. Қираған ғимараттарды, жол-
                                       дарды, инфрақұрылымды қайта қалпына келтіруге қыруар қаржы қажет.

             гавайлық     плинийлік
                                           Литосфералық катаклизмнің жойқын бір түріне цунами
           ▲  3-сурет. Жанартаудың     жатады. Цунами, негізінен, Тынық мұхит жағалауында (Ресей-
              атқылау түрлері
                                       дің қиыр шығысында, Жапонияда, Оңтүстік-Шығыс Азияда,
                                       Оңтүстік Америкада) жиі қайталанады. Азия континентінде
           ЗЕРТТЕ! АКТ-ны  қолда-
           на отырып, жанартауға       болған екі жойқын цунами апаты (2004 жылдың 26 желтоқса-
           қатысты тапсырмаларды       нында Суматра аралында (Индонезия) және 2011 жылдың 11
           орында:                     наурызында Жапония аралында) бүкіл Жер шарын дүрліктірді.
           •  жанартаудың пішініне     Бірнеше сағат ішінде мұхит жағалауында орналасқан елдерде
              қатысты  түрлері  (ко-   мыңдаған адам қаза болып (Индонезияда – 300 мыңдай, Жа-
              нустық, күмбез тәрізді,   понияда – 17 мыңдай), ел экономикасы аса жоғары мөлшерде
              қалқан тәрізді);
           •  жанартау  атқылауы-      шығынға ұшырады. Бұл апаттың пайда болуы туралы мәлімет
              ның пайдалы тұстарын     инфографикада көрсетілген.
              анықта.                      Опырылым – көп жағдайда жер сілкінісі нәтижесінде пай-
                                       да болатын таудың тік жарлы беткейінде тау жыныстарының
                                       төмен қарай құлау үдерісі.
                                           Сырғыма – ауырлық күшінің ықпалымен өзендер мен көл-
                                       дер, теңіздердің тік жағалауларынан, таулар мен сайлардың
                                       жыраларынан топырақ массасы мен тау жыныстарының төмен
                                       қарай ығысуы.

           28
   23   24   25   26   27   28   29   30   31   32   33