Page 131 -
P. 131

8.2  Галогендер




                                                                          2
                                                                             5
               Галогендер – атомдарының сыртқы қабатында 7 (ns np )                 Галогендерді
           электрон болатын 17-топ элементтері. Галогендер инертті газ-             неліктен  «тұз
           дар секілді тұрақты электрондық конфигурация құру үшін бір               түзушілер» деп
                      ЖОБАЛЫҚ НҰСҚА
           электронды қосып алуға бейім келеді. Галогендердің химиялық              атаған?
           белсенділігі фтордан иодқа қарай әлсірейді. Галогендердің
           реакцияға түсу қабілеті, электртерістілігі жоғары болғандықтан
           табиғатта бос күйінде кездеспейді, олар тек қосылыс түрінде             ТІРЕК СӨЗДЕР:
   Барлық құқықтар "Назарбаев Зияткерлік мектептері" ДБҰҰ-ға тиесілі
           кездеседі. Бос күйінде галогендер екі атомды молекуладан құ-            ■  тотықтырғыш
           ралады: F , Cl , I , Br . Молекуладағы атомдар өзара коваленттік
                     2   2  2   2                                                  ■  электртерістілік
           полюссіз байланыспен байланысқан.
                                                                                   ■  галогенид
           1-ТАПСЫРМА. Фтор және хлор атомдарының электрондық формуласы
                                                                                   ■  сублимация
           мен электрондық-графикалық формуласын жаз. Қандай айырмашылық-
           ты байқадың? Фтор мен хлордың валенттілігі туралы қандай қорытынды
           шығаруға болады? Басқа галоген атомдарының валенттілік мүмкіндіктері
           туралы не айтасың?                                                        F  Фтор          F 2  F  F
               Хлор – сары жасыл түсті, тұншықтырғыш иісті, ауадан 2.5              Cl  Хлор          Cl 2  Cl Cl
           есе ауыр газ (t      =–101°C, t       = –35 °C). Хлордың судағы
                            балқу           қайнау                                  Br  Бром          Br  Br Br
           ерітіндісі (20 °C кезінде бір көлем суда шамамен 2.5 көлем хлор                             2
           ериді) хлор суы деп аталады.                                              I  Иод           I   I   I
                                                                                                      2
               Хлор табиғатта тек қосылыстар түрінде кездеседі, маңыз-
           ды хлор қосылыстарына натрий хлориді (ас тұзы, галит) NaCl,              At  Астат
           карналлит, сильвинит т. б. минералдар жатады.
               Хлор қыздырылған металдармен тотықтырғыш қасиет көр-                ▲  1-сурет. Галогендер
           сетіп, тікелей әрекеттесе алады:
                                            0
                                                    +3
                                    0
                                2Fe  + 3Cl  = 2Fe Cl    -
                                    (қ)     2(г)        2(қ)
               Хлор сутекпен белсенді әрекеттеседі. Оттекпен, азот, көміртек
           және инертті газдармен тікелей әрекеттеспейді. Фосформен,
           күкіртпен әрекеттескенде тотықтырғыш қасиет көрсетеді.
               Бос күйінде хлорды алғаш өнеркәсіпте алу концентрлі тұз
           қышқылымен пиролюзит (MnO ) минералына әсер етіп алу
                                               2                                   КҮРДЕЛІ ТАПСЫРМА
           әдісіне негізделді. Хлорды алудың бұл әдісін К. Шееле алғаш
                                                                                   Хлорды суда еріткенде екі
           рет 1774 жылы тәжірибе жүргізіп тапқан.                                 түрлі қышқыл түзіледі: тұз
                     MnO  + 4HCl          = Cl  + MnCl  + 2H O                     қышқылы  және  хлорлы-
                           2(қ)      (сулы)   2(г)       2(қ)    2  (с)
                                                                                   лау қышқыл HClO. Хлор-
           2-ТАПСЫРМА. Хлордың металдармен (Na, Cu, Al) және сутек, фосфор,        лылау қышқыл – тұрақсыз
           күкіртпен реакция теңдеулерін жаз. Хлордың тотықтырғыш қасиет көрсетіп   қышқыл. Ол хлорсутек пен
           тұрғанын электронды баланс әдісімен дәлелде.                            атомдық оттекке ыдырайды.
               Бром (t  = –7 °C, t  = 59 °C) – қызыл қоңыр түсті сұйықтық.         Реакция теңдеуін жазып,
                       б          қ                                                хлордың тотығу дәреже-
           100 мл суда 20 °C-та 3.6 г шамасында бром ериді. Бром суға
                                                                                   лерін анықта.


                                                                                                        131
   126   127   128   129   130   131   132   133   134   135   136