Page 129 -
P. 129

Ромбты күкіртті 112.3 °C-қа, одан әрі моноклинді күкіртті
           119.3 °C-қа дейін балқытқан кезде сары-қоңыр түсті сұйық
           агрегаттық күйге айналады. Күкірт балқымасының 160 °C ша-
           масында тұтқырлығы артып, қара қоңыр түске өзгере бастайды.
           Егер күкірт балқымасын салқын суға ағызса, резеңке тәрізді
           созылмалы масса – иілімді күкірт түзіледі. Одан әрі күкірт бал-
           қымасы 200 °C-тан жоғары температурада қара қоңыр түске
           Ұсынылған құрал-жабдықтар мен реактивтерді қолданып, күкірттің қасиет-ҰСҚА            ▲  2-сурет
           айналып, шайыр тәрізді тұтқырланады.
               Күкірт құрылымында алдымен сақина тәрізді S  молекуласы
                                                                 8
           бұзылады. Бұзылу кезінде түзілген фрагменттер бір-бірімен
   Барлық құқықтар "Назарбаев Зияткерлік мектептері" ДБҰҰ-ға тиесілі
           бірігіп, ұзын тізбек – Sn түзеді. Температура 250 °C-тан жоға-
           рылаған кезде тізбек әр жерден үзіліп, күкірт балқымасы қайта
           қозғалғыш болады.
               444.6 °C температурада балқыған күкірт қайнайды. Қалыпты
           жағдайда күкірттің барлық түрөзгерістері қайтадан ромбты
                      ЖОБАЛЫҚ Н
           күкіртке айналады.

           ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС. Күкірттің химиялық қасиеттерін зерттеу.

           терін зерттеу жоспарын құрастырып, тәжірибе жүргіз.
           Құрал-жабдықтар: темір қасық, спиртшам, оттек толтырылған құты, тұрғы,
           сынауық, таразы, шыны таяқша, кәрлен ыдыс, 25х25 өлшемді темір тақташа,
           асбест қағаз.
           Реактивтер: күкірт, темір ұнтағы, алюминий ұнтағы, құрғақ спирт.
           • Күкірттің оттекте жануы.
           • Күкірттің темірмен әрекеттесуі.
           • Күкірттің алюминиймен әрекеттесуі.
           Берілген тапсырманы орында:
           1.  Реакция барысына, өзгерістерге бақылау жаса.
           2.  Реакция теңдеулерін жаз.
           3.  Бұл тотығу-тотықсыздану реакцияларында күкірт қандай қасиет  көрсетіп
           тұрғанын анықта.

               Химиялық реакция кезінде күкірт тотықтырғыш әрі тотық-
           сыздандырғыш қасиет көрсетеді. Күкірт оттекпен әрекеттесіп,
           күкіртті газ түзеді:
                                            0
                                                 +4
                                                    -2
                                     0
                                    S  + O  = S O .
                                           2        2
               Бұл реакцияда күкірт тотықсыздандырғыш қасиет көрсетеді.
           Күкірт сілтілік металдармен, сынаппен қыздырмай-ақ, ал бас-
           қа металдармен (Au, Pt-дан басқасы) жоғары температурада
           әрекеттесіп, сульфидтер түзеді:
                                                  +2 -2
                                            0
                                       0
                                   Hg  + S  = Hg S
           4-ТАПСЫРМА. Күкірттің мынадай қосылыстары берілген: Na S, ZnS, H S,
                                                                     2       2
           CS , P S , SO , SF . Осы қосылыстар түзілу үшін күкірт қандай жай заттар-
              2  2 3  2   6
           мен химиялық реакцияларға түсуі қажет? Бұл реакцияларда күкірт қандай
           қасиет көрсетеді? Реакция теңдеулерін жазып, әр жағдайдағы күкірттің
           тотығу дәрежесін анықта.
                                                                                                        129
   124   125   126   127   128   129   130   131   132   133   134