Page 133 -
P. 133
Берілген сұрақтарға жауап бер:
1. Неліктен алюминий ұнтағы мен иодтың ұсақ кристалдары қоспасына су
тамшысын тамызғанда реакция басталады?
2. Бұл реакцияда судың рөлі қандай?
3. Алюминий мен иодтың әрекеттесу реакциясының теңдеуін жаз.
4. Иодтың күлгін түсті буының түзілу себебі неде?
ЖОБАЛЫҚ НҰСҚА
СҰРАҚТАР МЕН ТАПСЫРМАЛАР
1. Галогендердің топта атом нөмірлерінің артуы бойынша балқу және қайнау температуралары:
a) азаяды;
ә) көбейеді;
Барлық құқықтар "Назарбаев Зияткерлік мектептері" ДБҰҰ-ға тиесілі
б) өзгермейді;
в) алдымен көбейіп, кейін азаяды.
2. Галогендердің қатты күйдегі кристалдық торы:
a) молекулалық;
ә) атомдық;
б) иондық;
в) металдық.
3. Фторға тән валенттілік:
a) I, III, V, VII
ә) I, III
б) I, V
в) I
4. Қосылыстардағы хлордың тотығу дәрежелері:
a) +1, +3, +5, +7
ә) 0, ± 1, ± 3, ± 5, ± 7
б) 0, ± 1, +3, +5, +7
в) +1, +3, +5
5. Иодтың сынаппен (ІІ), алюминиймен реакция теңдеулерін жазып, теңестір. Түзілген өнімді ата.
Бұл реакцияда иод қандай қасиет көрсететінін дәлелде.
6. Хлордың қосылыстардағы тотығу дәрежелерін анықта: KCl, KClО, KClО , KClО , KClО .
2 3 4
7. Химиялық белсенділігі ең жоғары галогенді анықта. Қосымша ақпарат көздерін қолдана отырып:
a) қалыпты жағдайдағы агрегаттық күйін, түсін сипатта;
ә) хлормен, сутекпен, оттекпен реакция теңдеулерін құрастыр.
133

