Page 174 -
P. 174
Қорытынды
1. Мырыш, мыс, кальций, оттек, калий, темір, иод, азот, натрий, бром химиялық элементтері берілген.
i. Осы элементтерді макро- және микроэлементтерге жікте.
ii. Макроэлементтердің ағзадағы қызметін сипатта.
2. Оттек, көміртек, сутек, азот, кальций және фосфордың адам ағзасындағы үлесін анықтап, диаграмма
құрастыр.
3. Берілген сипаттамаларға сәйкес бос орындарға қажетті дәрумендерді сәйкестендір. А, В, С, D дәру-
мендері.
A. Иммундық жүйе жұмысын жетілдіретін, коллаген нәруызын синтездеуге қатысатын, ағзадан уытты
Барлық құқықтар "Назарбаев Зияткерлік мектептері" ДБҰҰ-ға тиесілі
заттарды шығаруға көмектесетін дәрумен ____________.
Ә. Көздің жақсы көруі осы _________ дәруменіне байланысты.
Б. Күн сәулесі арқылы жасалатын, сүйек пен тіске қажетті кальцийдің дұрыс сіңірілуін қамтамасыз
ететін дәрумен ___________.
В. Жүйке жүйесінің және асқорыту жүйесінің қалыпты жұмысын қамтамасыз ететін, адамның күй-
зеліске төзімділігін арттыратын, терінің саулығын сақтап, әртүрлі жұқпалы аурулардан қорғауға
көмектесетін дәрумен түрі ___________.
4. Қоректік заттар туралы кестені дәптерге сызып алып толтыр.
Сапалық реакция/
Қоректік заттар Ағзада атқаратын қызметі Қоректік зат кездесетін тағамдар
Анықтайтын реактив
Көмірсулар
Нәруыздар
Майлар ЖОБАЛЫҚ НҰСҚА
5. Тамақтану теңгерімінде май, нәруыз және көмірсудың тәуліктік қатынасы нақты көрсетіледі. Деген-
мен, неліктен барлық адамның тамақтану рационы бірдей болмауы мүмкін? Ол неге байланысты?
Өз пікіріңді білдір.
6. Түрлі салада металдарды қолдану пайдасымен қатар зиянын да тигізеді.
А. Екі уытты металды жаз.
Ә. Ол металдардың адам ағзасына түсу көзін ата.
Б. Бұл металдардың адам ағзасына тигізетін зиянын сипатта.
174
174

