Page 172 -
P. 172
Жалғасы
№ Уытты Қоршаған ортаға Адам ағзасына Құрамында болуы Ауру белгілері
р/н металл түсу көздері түсуі мүмкін заттар
3 Мышьяк Өндіріс және Сумен, тамақ- Теңіз балықтары, Асқазан, ішек, бүйрек, бауыр,
өнеркәсіп орын- пен, сырамен, құдық суы, темекі шаш, тырнақта жиналады.
дары, пестицид- темекі түтіні- Тері ісіктері пайда болады.
тер, гербицид- мен Жүйке ұлпалары өз қызметін
мөлшері\ мгҰСҚА
тер, жанартау тоқтатады. Орталық, шеткі
жүйке жүйелері зақымданады
4 Кадмий Металл өнді- Сумен, то- Өндіріс орындарына Сүйектің сынуы (ағзадан каль-
ру орындары. пырақпен, жақын жерде өсіріл- цийді шығарады), бұлшық ет
Барлық құқықтар "Назарбаев Зияткерлік мектептері" ДБҰҰ-ға тиесілі
Мұнай өңдеу тағаммен ген дәнді дақылдар, аурулары, қаңқаның майысуы.
зауыттары су, кейбір бояулар, Жүрек, қан тамыр лары, өкпе,
никель-кадмийлі бауыр қызметі бұзылады
батареялар, тыңайт-
қыштар
ЖОБАЛЫҚ Н
3-кесте. Уытты металдардың ағзаға түсетін шектеулі мөлшері
Тағаммен күнделікті ағзаға Уытты Қайғылы жағдайға
Элемент Ағзадағы мөлшері
түсу мөлшері\ мг апаратын мөлшері
Сынап - 0,004 – 0,02 0,4 150–300 мг
Қорғасын 120 – 400 мг 0,06 – 0,5 1 10 г
Кадмий 50 мг 0,007 – 3 3– 300 1,5 – 9 г
Мышьяк 0,2 – 0,3 мг – 5 – 50 мг 50 – 340 мг
Мырыш 2,3 г 5–40 мг 150 – 600 мг 6 г
3-ТАПСЫРМА. Проблемалық сұрақ.
1953 жылы Жапония мемлекетінде Минамата шығанағына жақын ор-
наласқан ауылдық жерде адамдар арасында қайғылы оқиға бола бастады.
Ауылға жақын жерде химиялық зауыт орналасқан еді. Осы ауылдағы ба-
лықшылар адамдардың қазаға ұшырап, мысықтардың да өле бастағанын
байқаған. Бастапқыда адамдардың есту, көру, сөйлеу қабілеті бұзылып,
орталық жүйке жүйесінің жұмысы төмендеген, жүру тепе-теңдігі бұзылып,
бұлшық еттері дірілдеп, жиырылып, тартыла бастаған.
Сұрақ:
1. Кейінгі зерттеу нәтижелері адамдар және мысықтардың қандай
металдан уланғанын анықтады деп ойлайсың?
2. Бұл металдың қосылысы адам және жануар ағзасына неден, қалай
түсуі мүмкін?
3. Осы уытты металдың ағзаға түсуіне қоректік тізбек құрастыр.
4-ТАПСЫРМА. Уытты металдардың қоршаған ортаға және адам ағзасына
түсуін азайту жолдарын ұсын.
Қазақстан жері металл кендеріне, әсіресе Кенді Алтай по-
лиметалл кендеріне бай. Орталық және Шығыс Қазақстанда
мыс қоры орналасқан. Мыс, негізінен, Жезқазған, Балқаш кен-
металлургиялық комбинаттарында өндіріледі. Қорғасын және
мырыш қоры Шығыс және Оңтүстік Қазақстанда көп. Темір
172

