Page 173 -
P. 173

кендерінің негізгі бөлігі Солтүстік Қазақстандағы Соколов-Са-
           рыбай кен байыту комбинатында өндіріледі. Хром кендерінің
           көп қоры Ақтөбе облысында орналасқан. Кен өндіру, металл
           өңдеу және балқыту зауыттарынан ауыр металдар шаңы ауаға,
           топыраққа және суға таралып, тірі ағзалардың тіршілігіне кері
           әсерін тигізуде. Көмір, мұнай өнімдерін жағудан және автокөлік
           газдарынан шығарылатын уытты металдар тірі ағза денесінде
                      ЖОБАЛЫҚ НҰСҚА
           жинақталып, түрлі аурулар туғызуы мүмкін. Еліміздің өндірістік
           кәсіпорындарынан шығарылатын уытты металдармен су, ауа
           және топырақтың ластануы негізгі экологиялық мәселелердің
   Барлық құқықтар "Назарбаев Зияткерлік мектептері" ДБҰҰ-ға тиесілі
           бірі болып табылады.                                                    ▲  Пестицидтерді қолдану

             СҰРАҚТАР МЕН ТАПСЫРМАЛАР

             1.  Тірі ағза үшін ең қауіпті ион:
                 a)  натрий;       ә) магний;            б) темір;            в) сынап.
             2.  Тамақтану теңгерімі бойынша сиыр сүтінен жасалған балалар тағамын зерттеу нәтижесінде тағам
                 құрамынан қорғасынның көп мөлшері табылған. Осыдан кейін ол сиырларды шоссеге жақын
                 жерге жайылымға шығаруға тыйым салған. Себебі неде? Қорғасын иондары тағам құрамына
                 қалай түсуі мүмкін? Жауабыңды дәлелде.
             3.  Темір, мыс, мырыш металдарының белгілі мөлшерде ағзада болуы да қажет. Олар ағзада маңызды
                 қызметтерге қатысады. Ауыр металдардың адам ағзасына кері және оң әсерін кестені дәптерге
                 сызып алып толтыр.

                 Ауыр металл Ауыр металдардың адам ағзасына оң әсері Ауыр металдардың адам ағзасына кері әсері
                 Темір
                 Мыс
                 Мырыш
             4.  Хром, селен, алюминий металдарының адам ағзасына түсу жолдарын және адам ағзасына тигі-
                 зетін зиянын зертте. Нәтижесін кесте түрінде жаз.
             5.  Кез келген адам күнделікті өмірде өзін қоршаған ортадан түсетін уытты металдардан қорғау
                 үшін қандай алғашқы шараларды білуі және қолдануы қажет? Өз пікіріңді білдір.
























                                                                                                        173
   168   169   170   171   172   173   174   175   176   177   178