Page 178 -
P. 178

СЕН БІЛЕСІҢ БЕ?                Бета-сәулелену – бұл жарық жылдамдығымен шамалас
                                       жылдамдықпен (0.999с) ұшатын электрондар ағыны.
           Қытайбұршақты радиация-
           сы жоғары  аймаққа еге-         Гамма-сәулелену – толқын ұзындығы 10 нм-ден кем емес
           тін болса, ол радиациядан   электромагнитті толқын, анық корпускулярлы қасиеттерге ие
           қорғай алады.               γ-кванттардың ағыны.

                                       4-ТАПСЫРМА. Материалмен танысып, кестені дәптерге сызып алып толтыр.
                      ЖОБАЛЫҚ НҰСҚА
                                          Радиацияның табиғи көздері. Бізді қоршаған ортада радиоактивті
                                       элементтер бар. Ғарыштан келетін сәулелер табиғи радиация көздеріне
                                       жатады (шамамен 80%) және Жерді оның даму тарихы бойында сәуле-
                                       лендіріп келеді. Адамның өзі де өз деңгейінде радиоактивті болып келеді,
   Барлық құқықтар "Назарбаев Зияткерлік мектептері" ДБҰҰ-ға тиесілі
                                       себебі сәулеленудің негізгі көзін табиғи радиация көздерінен алады. Табиғи
                                       радиация көздерінің сәулеленуінен қашып құтылу мүмкін емес. Сондықтан
                                       адам ағзасы үнемі радиоактивті сәулелердің әсерін алып отырады.
                                          Қоршаған ортада табиғи радиацияның көзі болып табылатын 60 радио-
                                       активті элемент бар. Жер және тау жыныстарынан бөлініп шығатын инертті
                                       газ – радон негізгі табиғи сәулелену көзі болып саналады. Радионуклидтер
                                       де ағзаға тамақ арқылы енеді.
                                          Радиоактивті сәулеленудің қолданылуы. Радиоактивтіліктің ашылуы
                                       жаңа энергия көздерін қолдануға септігін тигізді. Радиацияның пайдалы
                                       қасиеттері ғылымның түрлі салаларында, техникада, медицинада қолданыс
                 Озон қабаты           тапты. Мысалы, түрлі дәнекерлеу тігістерінің бүтіндігін тексеру өнеркәсібінде;
                                       ауыл шаруашылығында өнімділікті арттыру мақсатында өсімдік тұқымдарын
                                       өңдеуде; ғарышкерлікте спутниктер мен орбиталық кешендердің атомдық
                                       энергия көздерін жасау мақсатында; криминалистикада ұрланатын заттарға
                                       арнайы белгілер салып, оларды іздеу мен идентификациялауды жеңілдету
                                       мақсатында қолданылады. Сонымен қатар археологияда радионуклидтердің
                                       көмегімен геологиялық тау жыныстарының жасын анықтауда; медицина-
                                       да аурулардың диагностикасында, қатерлі ісік ауруларын емдеуде және
                                       медициналық құрал-жабдықтар мен материалдарды зарарсыздандыруда
                                       қолданылады.

                                        № р/н Сәулелену табиғаты  Сәулелену көзі    Сәулелену салдары

















           КҮРДЕЛІ ТАПСЫРМА
                                                      Топырақтағы органикалық заттар
           Қазақстандағы бес теңгелік
           тиынның диаметрі  – 17 мм.   Денитрификация аумағы
           Осы диаметрге бір-біріне
           тығыз орналастырып қан-                                                   Өнімді аумақ
           ша хлор атомын сыйғызуға
           болады?
                                                    N-минерализация
           178
   173   174   175   176   177   178   179   180   181   182   183