Page 176 -
P. 176
12.1 Радиоактивті
сәулелену табиғаты
Бұл белгі нені білдреді? 1-ТАПСЫРМА. Сұрақтарға жауап бер.
Радиоактивті 1. Атом ядросының құрылысы қандай?
сәулеленудің 2. Ядродағы протондардың саны неге тең?
қауіптілігі неде? 3. Химиялық элементтердің ядролары шартты түрде қалай белгіле-
неді?
Барлық құқықтар "Назарбаев Зияткерлік мектептері" ДБҰҰ-ға тиесілі
ТІРЕК СӨЗДЕР: Радиоактивтілік Жерде тіршілік пайда болудан көп бұрын
және Жер пайда болмай тұрып ғарышта болды. Жердегі бүкіл
■ радиоактивтілік орнының сәулеленуі жатуы мүмкін. ҰСҚА
тіршілік иондаушы радиация әсер ету жағдайында пайда болды
■ радиация және дамыды. Радиоактивті материалдар Жер құрамына ол
■ изотоптар пайда болғаннан бастап кірді. Адам табиғи радиация көздері
ЖОБАЛЫҚ Н
■ атом ядросы әсерінде болады. Жердегі радиациялық ая көздеріне Күн және
■ тұрақты/тұрақсыз ғарыш сәулеленуі, сондай-ақ Жердегі радиоактивті элементтер
■ радиоактивті
Радиоактивтілік деген не? Оның физикалық табиғаты қан-
дай? Оның қауіптілігі неде?
Радиоактивтілікке табиғатта кездесетін барлық сәулелену
түрі жатады: радиотолқындар, көрінетін жарық, ультракүлгін
сәуле және т. б. Бірақ сәулелер әртүрлі сипатқа ие болуы мүмкін,
бірі пайдалы болса, екіншісі зиянды болуы ықтимал. Әдетте
біз «радиация» сөзінің мағынасын кейбір заттардың радиоак-
тивтілігінен пайда болатын зиянды сәулелену деп ойлаймыз.
Алайда радиоактивті сәулеленулер адамға пайда әкелуі мүмкін:
кей жағдайда аурудың дұрыс диагнозын анықтайды, қауіпті ау-
руларды емдейді, мәдени өсімдіктердің өнімділігін арттырады.
Радиоактивтіліктің ашылуы
Радиоактивтілік ойламаған жерден ашылды. Француз физигі
Анри Антуан Беккерель ұзақ уақыт бойы күн жарығымен сәуле-
ленген заттардың жарық бөлуін зерттеді. Ол фотопластинканы
қалың қағазға орап, үстіне уран тұзының ұнтағын қойып, жарық
күн сәулесінің астына қойды. Ашқан кезде фотопластинканың
тұз жатқан бөліктерінің қарайғанын байқады. Беккерель уран-
ның сәулеленуі күн сәулесінің әсерінен деп ойлады. Бір күні
1896 жылы ақпан айында күн бұлтты болғандықтан кезекті тәжі-
рибесін өткізе алмады. Беккерель пластинканың үстіне уранның
тұзымен қапталған мыс айқышты қойып, үстелдің тартпасына
салып қойды. Екі күннен кейін ашқан кезде ол пластинкада
айқыш пішінінді қара дақтың пайда болғанын байқады. Ол
бір ғана нәрсені білдірді: уранның тұздары ешқандай сыртқы
176

