Page 84 -
P. 84

Натрий иондары гидролизге ұшырамайды (NaOH – күшті не-
                                       гіз, суда толық диссоциацияланады) және рН мәнінің өзгеруіне
                                       әкелмейді. Ал карбонат иондарының (H CO  – әлсіз қышқыл) су
                                                                                  2   3
                                       молекулаларымен әрекеттесуі гидроксид иондарының түзілуі
                                       нәтижесінде ерітінді ортасының өзгеруіне әкеледі:
                                                               2-
                                                                        →  HCO +OH
                                                           CO + H O  ←          -     -
                                                                3    2          3
                      ЖОБАЛЫҚ НҰСҚА
                                           Натрий карбонатының ерітіндісі сілтілік орта көрсетеді
                                       (pH >7). Натрий карбонатының гидролиз үдерісінің молеку-
                                       лалық теңдеуі:
   Барлық құқықтар "Назарбаев Зияткерлік мектептері" ДБҰҰ-ға тиесілі
                                                                      →  NaHCO + NaOH
                                                       Na CO + H O  ←
                                                          2   3    2             3
                                           Осылайша, күшті негіз бен әлсіз қышқылдан түзілген тұз
                                       анион бойынша гидролизденеді. Ерітіндіде гидроксид иондар
                                       жинақталады. Тұз аниондарының сумен алмасып әрекеттесуі
                                       нәтижесінде аз диссоциацияланатын қосылыс түзіледі.
                                           Екі зарядты карбонат ионының гидролизі де сатылап өтеді:
                                                                     2-
                                                                             →  HCO +OH
                                                      1-саты      CO + H O  ←        -     -
                                                                     3    2          3
                                                      2-саты           -       →  H CO + OH   -
                                                                  HCO + H O  ←
                                                                       3    2      2   3
                                           Бұл үдерістің екінші сатысы қалыпты жағдайларда орын
                                       алмайды.
                                       4-ТАПСЫРМА. Фосфат ионының сатылап гидролиздену теңдеуін жаз.
                                       Натрий фосфаты ерітіндісінің ортасы қандай болады? Жауабыңды түсіндір.
                                           Натрий хлоридінің сулы ерітіндісінде диссоциациялануы
                                                             -
                                                   +
                                       кезінде Na  және Cl  иондары түзіледі:
                                                          NaCl     = 2 Na  +   + 2Cl -
                                                               (сулы)      (сулы)   (сулы)
                                           Тұз күшті негіз бен күшті қышқылдан түзілген. Гидролиз
                                       катион бойынша да, анион бойынша да жүрмейді. Ерітіндінің
                                       ортасы бейтарап (pH=7).
                                           Егер тұз әлсіз негіз бен әлсіз қышқылдан түзілген болса, онда
                                       гидролиз әрбір ион бойынша соңына дейін жүреді. Мысалы,
                                       сулы ерітінді арқылы алюминий карбонатынан ала алмаймыз:
                                       тұз алюминий гидроксидінің тұнбасы мен көмірқышқыл газын
                                       түзіп гидролизденеді (2-сурет).
                                           Әрекеттесу кезіндегі бірлескен гидролиз кезіндегі реакция
                                       теңдеуі:
                                       2AlCl     + 3Na CO       +3H O =2Al(OH)  +3CO  +6NaCl
                                             3(сулы)    2   3(сулы)  2  (с)        3(қ)     2(г)       (сулы)
                                           Ерігіштік кестесінде бұл заттар «іс жүзінде түзілмейді немесе
                                       суда ыдырайды» деп көрсетіледі.
           ▲  2-сурет. Натрий          5-ТАПСЫРМА. Кестеде тұз түзетін қышқылдар мен негіздер көретілген.
              карбонаты мен            Гидролизденетін тұздың гидролиз өнімдері мен ортаның сипаттамасын
              алюминий хлоридінің      көрсетіп, кестені дәптерге сызып алып толтыр.
              әрекеттесуі

           84
   79   80   81   82   83   84   85   86   87   88   89