Page 83 -
P. 83

Осы өзгерістердің себебін түсіндіру үшін тұздардың ерітінді-          Гидролиз
           леріндегі жүретін үдерістерді қарастырайық. Мысалы, мырыш                 (hydrolysis) – заттардың
                                                                                     сумен әрекеттесіп, бас-
           хлориді еріген кезде олардың диссоциациясы орын алады:
                                                                                     тапқы заттардың ыды-
                               ZnCl      = Zn 2+  + 2Cl -                            рап, жаңа қосылыстар-
                                    2(сулы)   (сулы)    (сулы)
               Алынған гидраттанған иондар су молекулаларымен әре-                   дың түзілуімен жүретін
                                                                                     химиялық алмасу реак-
           кеттесе алады:
                                                                                     циясы.
                      ЖОБАЛЫҚ НҰСҚА
               –  аниондар Cl (HCl – күшті қшқыл) су молекуласының өз-
                               –
           герісін тудырмайды, демек рН мәні өзгермейді;
                   2+
               –Zn  катиондарының (Zn(OH)  – әлсіз негіз) су молекулала-
                                               2
   Барлық құқықтар "Назарбаев Зияткерлік мектептері" ДБҰҰ-ға тиесілі
           рымен әрекеттесуі рН мәнінің өзгеруіне әкеледі, нәтижесінде
           сутек иондары түзіледі:
                                           →  ZnOH + H
                                   2+
                                Zn + H O  ←         +    +
                                        2
               Осылайша, егер тұз әлсіз негіз бен күшті қышқылдан түзілген
           болса, онда гидролиз катион бойынша жүзеге асады, ерітінді-
           де сутек иондарының көбеюіне септігін тигізеді (қышқылдық
           орта, pH<7).
               Мырыш хлориді гидролизінің молекулалық теңдеуі:
                                           →  ZnOHCl+HCl
                              ZnCl + H O  ←
                                   2    2
               Мырыш ионы екі зарядты болғандықтан гидролиз сатылап
           өтеді:
                          1-саты      Zn + H O  ←          +    +
                                                  →  ZnOH + H
                                         2+
                                               2
                                            +
                                                     →  Zn(OH) + H
                          2-саты      ZnOH + H O  ←                 +
                                                 2             2
               Қалыпты жағдайларда үдеріс тек бірінші саты бойынша өте-
           ді. Оны жүйедегі тепе-теңдіктің ығысуымен түсіндіруге болады:
           гидролиз – қайтымды үдеріс. Тепе-теңдіктің әртүрлі жағдайлар-
           дың әсерінен ығысуы Ле Шателье принципімен бақыланады.
           Осы принципке сай ерітіндідегі сутек иондарының жинақталуы
           тепе-теңдіктің бастапқы заттар жағына ығысуына әкеледі.
               Гидролиздің жүру мүмкіндігін былайша да анықтауға бо-
           лады: хлорид ионы жағдайында гидролиз анион бойынша
           жүрмейді, себебі сумен алмасу әрекеттесуі нәтижесінде күшті
           электролит түзілген; мырыш катионы бойынша гидролиз аз
           диссоциацияланатын электролиттің түзілуіне әкеледі. Осылайша
           гидролизді заттардың сумен алмасу реакциясы арқылы жүріп,
           аз диссоциацияланатын электролит түзілетін үдеріс ретінде де
           анықтауға болады.

           3-ТАПСЫРМА. Алюминий ионы гидролизінің сатылы теңдеуін жаз. Алю-
           миний нитраты ерітіндісінің ортасы қандай болады? Жауабыңды түсіндір.
               Натрий карбонатын суда еріту кезінде диссоциация жүреді:
                              Na CO      =2Na  +   +CO  2-
                                 2   3(сулы)   (сулы)   3(сулы)


                                                                                                         83
   78   79   80   81   82   83   84   85   86   87   88