Page 105 -
P. 105
СҰРАҚТАР МЕН ТАПСЫРМАЛАР
1. Ай Жердің табиғи серігі екені белгілі. Анықтамалық мәліметтерді
қолданып, Айдың Жерді айналу орбитасындағы ғарыштық жыл-
дамдығын анықта.
2. Жерден Айға дейінгі қашықтық пен Айдың Жерді айналу жылдам-
ЖОБАЛЫҚ НҰСҚА
дығын белгілі деп есептеп, Жер массасын анықта. Кестелік мәнімен
салыстыр.
3. Ғарыштық жылдамдықты анықтау өрнегін қолдана отырып, Жер
тығыздығын қалай анықтауға болады?
Барлық құқықтар "Назарбаев Зияткерлік мектептері" ДБҰҰ-ға тиесілі
4. Бірінші ғарыштық жылдамдық беріп, жерсерікті Жерден кез келген
биіктікте дөңгелек орбита бойымен қозғалтуға бола ма? Неге?
5. 1957 жылы 4 қазанда 947 км биіктікке көтерілген салмағы
83,6 кг алғашқы жасанды жерсерік, бүкіл дүниежүзін таңдандырып,
Жерді 92 күн бойы айналып, арнайы белгіленген мерізімде көрініп
отырған. Алғашқы жасанды серіктің жылдамдығы қандай болған?
6. Жерсерігі Жер бетінен 600 км қашықтықта Жерді тұрақты шеңбер
орбитасымен айналып ұшуы үшін:
а) мұндай орбитамен тұрақты ұшуы үшін жерсерік қандай жыл-
дамдықты ұстап тұруы қажет?
ә) оның осы қашықтықта айналу периоды қандай?
б) Жер бетінен 300 км қашықтыққа ұшырса не өзгереді? Айналу
периоды өзгере ме? Неге? Жауабыңды негізде.
7. Ғарыш кемесінің алғашқы айналу периоды 88 минут. Маневр жа-
салғаннан кейін айналу периоды 91 минут болды.
• Жерге дейінгі қашықтық қалай өзгерді?
• Ғарыш кемесінің жылдамдығы өзгерді ме?
• Ғарыш кемесінің жылдамдығын есепте.
105

