Page 39 -
P. 39
2-тәсіл бойынша бастапқы жылдамдық арқылы уақытты анықтап, со-
дан кейін көтерілу биіктігін табамыз:
υ =0=υ +( – g)t
y 0y max
(11 м/c) 2
t =υ /g= =1,12 c
max 0y 2
9,8 м/c
1
h =h +υ t+ g t 2
ЖОБАЛЫҚ НҰСҚА
max 0 0y y
2
1
h =0+11 м/с ∙ 1,12 c+ ( – 9.8 м/с )(1,12 c) =6,17 м
2
2
max 2
Барлық құқықтар "Назарбаев Зияткерлік мектептері" ДБҰҰ-ға тиесілі
Жауабы: а) h =6,1 м; ә) υ=7,9 м/с. б) h =6,17 м.
y max
СҰРАҚТАР МЕН ТАПСЫРМАЛАР
1. Футбол ойынында кім бірінші бастайтынын анықтау үшін, әдетте,
тиын лақтырылады. Рефери тиынды бастапқы 5 м/с жылдамдықпен
жоғары лақтырды. Егер ауа кедергісін ескермесек:
а) тиын қандай биіктікке көтеріледі;
ә) лақтырылған нүктесіне қайтып келу үшін қанша уақыт кетеді?
2. Екі дене бір нүктеден тік жоғары лақтырылды. Екінші дене бірінші
денеге қарағанда біраз уақытқа кешігеді. Екі дененің ең үлкен кө-
терілу биіктіктері бірдей болуы мүмкін бе, әлде мүмкін емес пе?
3. Солтүстік және Оңтүстік Американы мекендейтін жабайы мысықтар
класына жататын пума 4 м биіктікке дейін секіре алады. Осы биік-
тікке көтеріліп, қайта жерге түсуіне қанша уақыт кетеді?
4. Көрсетілім кезінде дельфиннің тік жоғары секіріп, қайтадан суға
түсуіне 2,2 с уақыт кетті. Дельфин қандай биіктікке көтерілді?
5. Жер бетінен 1,2 м биіктіктен жоғары лақтырылған дене 2,5 с-та
қайтадан жерге құлайды. Дененің бастапқы жылдамдығы және
Жер деңгейіне қатысты ең жоғары көтерілу биіктігі қандай?
6. Таудан сынып құлаған тастың жер бетіне соғылу мезетіндегі жыл-
дамдығы 29,4 м/с болды.
а) бұл қандай қозғалыс?
ә) тастың құлауына қанша уақыт кетті?
б) тас қандай биіктіктен құлады?
7. Дене жер бетінен 30 м/с жылдамдықпен тік жоғары лақтырылды.
Ауа кедергісін ескермей,
а) ең үлкен көтерілу биіктігіне дейінгі кеткен уақытты;
ә) t=2 с кезіндегі жылдамдықты есепте.
8. Биіктігі 50 м көпірден өтіп бара жатқан бала қолындағы жүгін суға
құлатып алды. Жүктің құлау уақытын және судың бетіне соғылу
жылдамдығын анықта.
39

